Астанада қыздың көңілін аулап, қолына „күшік күйеу„ боп кіріп алған жігіт артынан әке-шешесін де қасында алдыртып, ақырында бәрі жабылып оны банктен несиеге алған өз пәтерінен қуып жатыр.
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.
«Сымбатты, адамгершілігі мол, жат қылығы жоқ жігіт астаналық бойжеткенге гүл сыйлады, жүрегін жаулады. Екі айдан кейін “жарым бол” деп сүйіктісі құлағына сыбырлағанда Айгүл “Мен бақыттымын” деп әлемге жар салғысы келді.
6 жыл күткен баспанасына жаңа қоныстанған Айгүл ұзату тойға дайындалуға кіріседі. Бақыттан басып айналып жүргенде болашақ жары мен ата-енесі үйіне кіріп алыпты. Сонымен тойханада ұзатылған қыз өз пәтерінің босағасын аттап, келін болады.
https://kaz.365info.kz/keremet-synys-oj-jsiz-zh-rgen-aza-a-baspana-perudi-tamasha-disi-tabyldy-244214
Ата-енесі зейнеткерлер емес, 50 жастағы кісілер екен.
“Күшік күйеу” десе, намыстанып, жер тепсініп шығатын ұлттың ұрпағы едік.
Бір жыл баспананы паналап, несиесін төлеген ата-ене енді келінді өз үйінен қудалап жатыр екен.
Олар пәтерді тартып аламыз деп қорқытты, қайда барамын деп Айгүл жылап тұр», – деп жазды журналист өз жазбасында.
https://kaz.365info.kz/aza-stan-a-shasyn-aya-an-shahmatshy-aza-yz-a-resej-j-berdi-foto-video-235132
Қайынжұртының қысымына ұшыраған келіншек үйін «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы алты жылға несиеге алыпты. Журналист өз баспанасынан қуылған оған көмектесетін заңгерлер болса, хабарласуларын өтінді.