Түнгі клубта болған оқиғаға дейін Айжан Байзақованы көпшілік инстаргамның жалаңаш “жұлдызы” әрі спортшы ретінде танитын.
Алайда оның отандық фильмде басты рөлді сомдағанын екінің бірі білмес. Иә, қыздарды шешіндіріп, ол үшін ақша төлеген Байзақова Азамат Сатыбалдының кинопродюсер ретінде тырнақалды туындысында ойнаған, деп хабарлайды Stan.kz.
https://kaz.365info.kz/ajzhan-bajzakhova-bireuge-tokhal-bolgansha-betsiz-khanshykh-bolganym-artykh-295780
Қоғам наразылығына сеп болған оқиғадан кейін көпшілік Азамат Сатыбалдыға Байзақова жайлы сансыз сауал жолдаған көрінеді. Елдің сынына кинопродюсердің берер жауабы мынадай:
“1. Біз, “БІР СЕН ҮШІН” деген фильмді екі жыл бұрын түсірдік. Ол кезде Байзакованың кім екенін ешкім білмейтін. Білмейтіндердің ішінде менде бармын. Бұл Айжанның үлкен кинодағы алғашқы ролі, сериалдарды санамағанда….
Ол киноға кезекті кастинг арқылы өтті. Шыны керек кастингке қатысқан барлық актрисалардан оқ бойы алда тұрды. Сценаридегі Индираның образын толық жеткізе білді. Осындай актриса тапқанымызға қуанғанымызда өтірік емес. Сенбесеңіздер киноны қайта көріп шығыңыздар. Өз ролін өте жоғары деңгейде алып шыққан.
2. Оның жеке өмірінде еш шаруам жоқ. Әркім өз өміріне өзі жауапты.
Оны әке-шешесі немесе бауырлары тәрбиелеу керек. Құр айқайдан не пайда, адам өзі түсінбесе. Күрсінесің де қоясың. Мен ер азамат ретінде,клубта жасалған әрекетті құптамаймын. Құдай сақтасын”.
https://kaz.365info.kz/ajzhan-mynyn-ne-zhalanash-zhyretin-zhas-peri-khazakhty-zherge-kharatty-18-279603