Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Күршімдегі шу: бұзақы дәрігерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

112

“2017 жылғы 2 ақпанда кешкі сағат 21.00. шамасында ШҚО Күршім ауданы ІІБ кезекші бөліміне жергілікті 1986 жылы туған Н. деген азамат арызданған. Арызданушы өзіне К. деген азаматтың Күршім ауылының шетінде соққы жасап дене жарақаттарын түсіргенін, осы себепті оны жауапкершілікке тартуды сұраған.

Аталмыш факті бойынша 02.02.2017 жылы ҚР ҚК 293 бабымен (бұзақылық) қаралатын қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша толыққанды сот алды тергеу амалдары жүзеге асырылуда. 03.02.2017 жылы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірленуші қажетті дәрігерлік көмек алуды аяқтаған соң сараптамадан өтеді.

Сараптама нәтижесі бойынша, дене жарақатының ауырлығына байланысты, қосымша басқа баппен қылмыстық іс қозғалуы ықтимал.

Тергеу амалдары аяқталған соң қажетті процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз