14-15 мамырда ҚР-ның ГФР-дағы Елшілігінің және Еуропа қазақтары Еуропалық қоғамдастығының қолдауымен Кёльн қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерланд, Түркия, АҚШ елдеріндегі этникалық диаспораның екі мыңға жуық өкілдерінің басын қосқан Еуропа қазақтарының кезекті кіші Құрылтайы өтті.
Қазақстандық дипломат мемлекет тарапынан қазақ диаспорасын қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Мысалы, 2014 жылы Берлинде ашылған Қазақ мәдени-экономикалық орталығында қазақ әдебиетінің классиктері, қазіргі заманғы қазақ авторлардың әдебиеттері, қазақстандық журналдар мен газеттер, оқулықтар, сөздіктер, мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістеме құралдары, сонымен қатар баспасөз және еліміз туралы танымал электрондық өнімдер ұсынылады. Осы барлық материалдар қазақ диаспораның өкілдері үшін қолжетімді. 2010 жылы Берлиндегі Гумбольд университеті жанында ашылған «Қазақстан және қазақ тілі» қызмет етіп жатқан Лекторат қазақ диаспорасының жастарына ана тілін үйренуге, Қазақстанның тарихын және қазіргі заманғы дамуымен танысуға мүмкіндік береді.
Неміс тарапынан Бундестаг депутаты, отандасымыз Генрих Цертик сөз сөйледі. Ол Германияда тұрып жатқан 800 мың этникалық немістің тарихи отанымен байланыстарын қолдау аса маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол осы елде тұратын этникалық қазақтардың өзіндік ерекшеліктеріне де назар аударды. Г. Цертик қазақтардың өз отбасыларына қабылдап және ажалдан арашалап алып қалғандығын неміс халқының ешқашан ұмытпайтындығын атап өтті.
Еуропа қазақтары қоғамдастығының басшысы Абдул Каюм Кесичи өз сөзінде еуропалық отандастардың басқосуларын өткізу соңғы он жылда жақсы дәстүрге айналып отырғанын атап өтті. Оның басты мақсаты – өз елінің ұлттық мұрасы мен мәдениетін жастардың естеріне салу. Мұндай кездесулердің өз тарихи Отанынан алыс тұратын қазақтар үшін үлкен маңызы бар. Ең бастысы – осындай Құрылтайлардың отандастар үшін аса өзекті мәселелерді талдауға, оларды шешуге мүмкіндік беретін орынға айналғандығы. А. Кесичи Еуропада тұратын қазақстандықтардың атынан отандастарына жеке қолдауы және қамқорлығы үшін Елбасына алғыс білдірді.
Құрылтай шеңберінде жастар арасында түрлі байқаулар, спорттық сайыстар өткізілді, суреттер көрмесі ашылды, сонымен қатар балалар мерекесі ұйымдастырылды.
Танымал қазақ әншілерінің орындауындағы дәстүрлі және заманауи музыка мәдениетінің біртума шығармалары аталған шараға ерекше ұлттық нақыш берді.
Еуропадағы қазақ қауымдастығы 7 мың адамды құрайды. Негізінде бұл этникалық қазақтар, олардың арғы аталары көп жылдар бұрын түрлі елдерден Германияға көшіп келген.
Толығырақ “Хабар” телеарнасы жасаған сюжеттен көруге болады.