Салықтың осындай прогрессивті ставкасы экономика үшін де, әлеуметтік сала үшін де өте жақсы. Теорияда. Десек те, Қазақстандағы шынайы өмір бұл қағиданы жоққа шығаратын сыңайлы.
Статистика
Қазақстанда байлар мен кедейлер тіршілігі арасындағы алшақтық үнемі өсіп келеді, дейді.
Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, ең бай саналатын 10 пайыз қазақстандықтардың жалпы табысы ең кедей саналатын 10 пайыз халықтың табысынан алты есеге артық болды.
Әлбетте, мұндай жағдай қоғам наразылығын тудыруда.
Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар бұл жағдайды жұмсақтап, «әлеуметтік әділеттікке сұраныс» ретінде бағалауда. Осы орайда кей сарапшылар прогрессивті салықты осы жағдайды реттейтін құралға балап отыр.
https://kaz.365info.kz/kele-sala-byldirdi-au-zhana-ministr-zhymyssyzdardan-salykh-zhinamakhshy-302236
Қарапайым тілмен айтқанда,
байлар салықты көбірек, кедейлер азырақ төлеу керек деген сөз.
Әлбетте, табыстың пайызымен алғанда.
«Аналитика онлайн Казахстан», компаниясының аға сарапшысы Сергей Полыгалов прогрессивті салық теориялық тұрғыдан «жеке тұлғалардың қаржылық мүмкіндіктерін теңестіру мен бюджетті толықтырудың жақсы құралы», деп есептейді.
Сонда салық төлегеннен кейін кедейлердің қолында молырақ қаржы қалып, олар лайықты өмір сүруге қол жеткізеді. Ал салықты молырақ төлеп, бюджетті көбірек толықтырған дәулеттілердің де қолында тұрмысына жеткілікті қаржы қалады. Шындығына келсек, бұл көпшілікке жақсы таныс теория.
Алайда сарапшы бұл оп-оңай шешіле салатын мәселе емес деген пікірде.
— Біріншіден, жалпы, салық заңдылығына қандай да бір жаңалық енгізу үшін,
халықтың лайықты табыс табуына қол жеткізген жөн.
Бізде байекештер (айлық табысы 500 мың теңгеден асатындар) мен қаржылық жағдайы мәз емес халықтың (айлық табысы 100 мың теңгеге жетпейтіндер) арасында үлкен алшақтық орын алған, – дейді сарапшы.
https://kaz.365info.kz/sakhal-osiretinderge-salykh-toletu-ysynyldy-260534
Осы арада сарапшы мына мәселеге ерекше назар аударды. Оның айтуынша,
Қазақстанда орта тап (айлық табысы, шамамен, 350–450 теңге төңірегіндегі адамдар) деген атымен жоқ.
Ал әлемдік экономикада орта тап халықтың басым көпшілігін құрайды және мемлекет экономикасының негізі болып табылады. Орта таптың табысы қомақты салық төлеуге және өзін дәулетті адам санауға мүмкіндік береді. Алғың келген затты алаңдамай аласың. Ал бұл өз кезегінде еліміздегі экономикалық жағдайға тікелей әсер етеді.
— Қазақстанда орта таптың үлесі шамамен 10–12 пайызды құрайды, жасалған болжамдарға сенсек, 2020 жылға қарай 16 пайызға дейін өсуі мүмкін.
Халқының басым бөлігі – 55 пайыздан астамы – орта тапқа жататын экономикалық тұрғыдан дамыған елдермен салыстырсақ, бұл өте мардымсыз,
— дейді маман.
Бар кінәрат міне, осы мәселеге тіреліп отыр:
«төмендегілер» (кедейлер) салық төлей алмайды, ал «жоғарыдағылар», яғни, байлар басы артық салық төлегісі келмейді.
Нәтижесінде,
олар салық төлеуден жалтарудың жолдарын іздейтін болады.
— Теорияда салықтар ел қазынасын едәуір толтырып, мемлекеттің экономикалық жобаларын қаржыландыруға және әлеуметтік бағдарламаларды толыққанды дамытуға мүмкіндік тудырады. Алайда шынайы өмірде дәулеті аса жоғары емес адамдар бұрынғыдай салығын төлеп жатса, дәулеті асып-тасыған, шіріген байлар сол баяғыдай салық төлеуден жалтарудың жолдарын іздеп әлек, – дейді ол.
https://kaz.365info.kz/tojdan-tysken-akhsha-khajda-byrkit-pen-bejbit-khorgan-salykh-organyna-kharyz-eken-254922
Сондықтан сарапшы,
жалпы, салық туралы әңгіме қозғаудан бұрын, сол салық салынатын табыс мәселесін реттеу қажет
деген пікірде.
Осы жерде сарапшы айтпаған, бірақ айтылғандардан туындайтын тағы бір мәселенің басы қылтияды. Жалпақ тілмен айтсақ,
салықшылардың жұмысы көбейеді және нәтиже олардың өздеріне жүктелген міндеттерді қаншалықты жақсы орындауына тікелей байланысты.
— Менің ойымша, тағы бір аса маңызды фактор –
адамдардың өздерінің қаржылық сауатын көтеріп, салықтардың ел экономикасын сауықтыратын бірден бір құрал екенін түсінетін кез келген сияқты,
бірақ өкінішке қарай, қазір еліміз ондай деңгейге жете қойған жоқ, – дейді сөзін тәмәмдаған Полыгалов.
TeleTrade компаниялар тобының жетекші сарапшысы Марк Гойхман осы мәселедегі үш маңызды нәрсені атап көрсетіпті:
— Әлеуметтік әділеттік тұрғысынан алғанда, қазіргі қолданыстағы жалпыға бірдей 10 пайыздық ставка барлық елдің наразылығын тудырып отыр.
Өйткені табыс мардымсыз болған жағдайда сол «ондықты» төлеу қомақты табыспен салыстырғанда, оңай шаруа емес,
— дейді сарапшы.
Қазақстандағы орташа еңбекақы шамамен 150 мың теңге. Міне, осы сомадан 15 мыңды жырып беру, миллионнан 100 мың бергеннен ауыр. Ал прогрессивті ставка «көбірек табыс тапсаң көбірек салық төлейсің» деге қағидаға негізделген.
https://kaz.365info.kz/aza-standa-t-ysh-ret-saly-t-lemegeni-shin-bireudi-k-ligin-tartyp-aldy-242491
Ең маңыздысы, мұндай жағдайда мемлекеттің қоғамдағы табысы төмен отбасыларының мүдделерін қарастыратын әлеуметтік саясатты жақсартуға қол жеткізеді.
Алдыңғы сарапшысы сияқты, Гойхман да мұндай жаңалықтың қарсыластары да жоқ емес екеніне назар аударды.
Оның айтуынша,
жалпыға бірдей ставканы өзгерту байлар арасында наразылық туғызуы мүмкін.
— Бұл олардың салық төлеуден жалтару мақсатында табысын жасыруға, көлеңкелі табыстың көбеюіне әкеліп соғады. Нәтижесінде,
бюджетке түсетін салық мөлшері көбеймей, керісінше, азайып кетуі, яғни, мүлдем керісінше нәтиже орын алуы мүмкін.
Сөйтіп, салық саласындағы қылмыс көбейіп, экономиканы бақылау нашарлай түседі. Мемлекет тарапынан салықтарды реттеу күрделеніп, оның салықтан жалтарғандарды анықтауға жұмсалатын шығындары арта түседі, — дейді сарапшы.
Сонымен қатар, маман прогрессивті мөлшерлеме ынталандыру функциясына кері әсерін тигізеді деген пікірде.
https://kaz.365info.kz/kete-salam-khazakh-bajlary-zhappaj-yshakh-satyp-alyp-zhatyr-302141
— Жеке табысынан ұсталатын ақшаның артуы адамдардың көбірек табыс табу үшін өз жұмысын жетілдіруге деген ұмтылысын төмедетеді, — дейді ол.
Сөйтіп,
бүгінгі күні прогрессивті салықты қолдайтындарға қарағанда, оған қарсылық танытушылардың қарасы әлдеқайда көп,
– дейді сөзін қорытындылаған Гойхман.
фото: pexels.com