Бақыттың кілті неде екенін білесіз бе? Ал күндізгі уақытта 30 минут ұйықтап алудың өміріңіз үшін пайдасы мол екенін білесіз бе? Күндізгі жарты сағаттық ұйқы көңіл-күйіңізді 66℅-ға дейін жақсартады.
Ғалымдар күндізгі 30 минуттық ұйқының адам денсаулығы үшін пайдасы мол екенін анықтады.
«Қысқа уақыттық ұйқы шығармашылық белсенділігіңізді арттырады. Мұнымен қатар, ол бақытты болуыңызға септігін тигізеді», – дейді Хартфордшир университетінің профессоры Ричард Вайзман.
«Жұмыс арасында ұйықтап алу арқылы белсенділікті бірнеше есе арттыруға болады. Ben & Jerry, Google сынды алпауыт компаниялар қызметкерлеріне арнап кеңсеге жатын орындар жасаған», – дейді профессор Вайзман.
Күндізгі ұйқының уақыты созылып кеткен жағдайда адамның жүрегі ауыратын болады.
Ал күндіз түскі астан соң сәл ғана мызғып алу Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннеті екенін де білетін боларсыздар.
Дереккөз: mazhab.kz