Көптеген ата-аналар электрондық мектеп күнделіктер жүйесіндегі жаңалықтарға наразы.
Kundelik.kz ЖШС басшылығы ақша қосымша опциялар үшін ғана төленеді, оған қоса айлық және жылдық жазылымдар да бар дейді. Алайда, ата-аналардың айтуынша, қосымшаның тегін нұсқасында сабақ кестесімен ғана танысуға болады.
«Күнделіктің» компьютерлік нұсқасы тегін. Алайда, кейбір ата-аналардың айтуы бойынша мұғалімдер оларды мобильді қосымшаны пайдалануға мәжбүрлейтін көрінеді, себебі мұғалімдердің өздерінен басшылық «талап етеді». Алайда astanatv.kz сұхбаттасқан елордалық № 71 мектеп әкімшілігі мұны жоққа шығарды.
«Бізде мәжбүрлеу жоқ. Бәрі тек өздері үшін. Өз балалары. Оқу үлгерімін өздері бақылайды. Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді, —
дейді оқу орны директорының орынбасары Айнагүл Сәдуақасова. —
Ата-аналар үшін мұғалімдер толтырады дейді. Мысалы, бізде ондай жоқ. Бізде мұғалімдер тек өз жұмысын жасайды. Олар ата-аналарының орнына күнделікке кірмейді».
Дегенмен, қосымшаны әзірлеушілер жаңа тегін опцияларды қосамыз деп отыр. Олардың арасында оқушының мектепке барғанын тексеру мүмкіндігі болады.