Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Күнбағыс майына таласқан ақтаулықтар бірін-бірі таптап кете жаздады

Күнбағыс майын арзан бағаға алғысы келегендердің қарасы көп болғанын супертмаркет басшылығы да айтып отыр.

Видеода көрінгендей, жиналған жұрт күнбағыс майын таласа-тармаса, бір-бірінен жұлып алады.

«Жеңілдікті жариялаған кезде, тауар саны шектеулі болғандықтан бір адамға 3 бөтелке майдан сатылады деп айтылды. Бұл бір жағынан алып-сатарлықтан қашу үшін де жасалған болатын. Мақсатымыз жағдайы төмен адамдарға көмек болса деген едік. Бірақ, адамдар түсінбей, әрқайсысы жәшік-жәшікпен алғысы келіп тартысты. Соңы төбелеске ұласып, бірінің қолындағы майды бірі тартып алды. Адамдар мұндай акцияларға әлі дайын емес екен деп ойладық. Мұндай кезде өздерін қалай ұстауды білмейді», – дейді супермаркет басшылығы.

https://youtu.be/ZffKDk8cfwU

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз