Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Күн көрсетпейді”. Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Әкем отбасының шайқалмауына өте қатты мән береді.

«Қандай жағдай болса да, отбасын сақтап қалу керек» деген ұстанымы бар. Сол себепті, әкем менің сөздеріме сенбеді. Шындықты жасырып, мені кінәлай бастады. Осылайша әкем мені түсінбеді. Керісінше Ер азаматтың көңілін қылықпен, сөзбен табуға болатынын айта берді. Қазақта «Құдай қосқан қосағыңмен» деген мақал бар ғой. Мен сол кісінің тілі мен жүрегіне жол табуға қолымнан келгенше әрекет жасадым. Қарсы келмей, жай сөйлеп те көрдім.

Анам болғанда шындыққа көз жүгіртіп, ақ пен қараны ажырататын еді. Ол кісі бұлай шырылдатып қоймас еді, мұндай қиындықтан өтпес едім деп ойлаймын. Ана қандай жағдай болса да, баласын қорғап өтеді. Мен анамнан 18 жасымда айырылдым. Қан қысымы көтеріліп қайтыс болған-ды. Інім уақыт өте келе анамды қатты сағынды. «Сен кетпеші» деп мені құшақтап тұрып жылайтын. Ананың мейірімін әпкесі бере алмайды», – дейді Сәуле ханым.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы да Сәуле ханымның сөздерін қоштады. Ананың махаббатын ешнәрсе алмастыра алмайтынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз