Отандық танымал әртіс Нағима Есқалиева шығармашылығының алғашқы кезеңін еске түсіріп, өзіне асқан танымалдылық әкелген “Әлия” әнін бірінші рет орындаған кезін еске алды.
Ол бұрын-соңды еш жерде айтпаған қызықтарымен Гәкку телеарнасындағы “Если честно” бағдарламасында бөлісті.
Танымал композитор Сейдолла Бәйтерековтің “Әлиясын” алғаш болып орындаған Нағима Есқалиева болған. Одан кейін ғана Роза Рымбаева аталмыш әнмен үлкен сахнаға бет алып, өлең таңдауда қателеспеген. Бұл ән екі әншіге де танымалдылық әкеле алды.
https://kaz.365info.kz/zhiirkenishti-khyz-nagima-eskhalieva-dilnaz-ahmadievany-zher-khyldy-foto-329369
Бағдарлама жүргізушісі Нағима Есқалиевадан ел жадында мәңгі қалар әнді алғаш рет орындау туралы айтып беруді сұрады.
“Ол жағдай туралы енді көп жазылған ғой. Мен қорқамын, мүмкін мені тағы да сынап тастайды”, – деп жауап қатты әртіс.
“Бір конкурс болып жатты, әлі есімде, Целиноградтағы патриоттық әндер байқауы ғой деймін. Атақты ән – “Әлияны” орындап шықтым. Киген көйлегім қысқа болды, сол үшін мені эфирден қиып тастады.
Ал кейін бір бағдарлама Роза Рымбаева да дәл сол әнді, қысқа көйлек киіп шығып айтты. Бірақ оған түк болмады. Бұл өз алдына бір саясат болды деп есептеймін. Дәл мені эфирден алып тастағылары келді”, – деп айтты Нағима Есқалиева.
“Менің жолымды көп бөгеді, күн көрсетпеді деуге болады. Сол кезде Кеңес үкіметі шеңберінде болған сансыз үкіметтік және мерейтойлық концерттерге шақыруды қойды. Бар кінәм – менің қалалық әрі ірі денелі болғанымда.
https://kaz.365info.kz/bilesizder-me-toregalidyn-sybyrlap-tyrgan-videosy-zhelige-tarap-ketti-video-329388
Мәскеу болмағанда мені ешкім қабылдамас еді. “С песней по жизни” сайысына сол үшін алғысым шексіз”, – деп айтты отандық әртіс.
Дерек көз:Nur.kz.