Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Күйеуінің туыстарын у беріп өлтірген келін елді шошытты

37 жастағы әйел тұрмысқа шыға сала өзінің 43 жастағы күйеуі мен оның туыстарын жек көре бастаған.

Тәжікстан ІІД деректері бойынша, ол курутоб деп аталатын тағам әзірлеу кезінде ішіне жәндіктерге арналған у қосып, оны күйеуінің туыстарына ұсынған. Нәтижесінде 39 жастағы ер адам, оның 34 жастағы жары және кішкентай балалары ауруханадан бір-ақ шыққан. Бас-аяғы бұл нанды жеген 8 адам уланып, ауруханаға түскен. 39 жастағы отағасы ауруханада көз жұмған.

Бірақ қылмысын елден жасырған әйел бұл әрекетін тағы қайталайды. Ол уланған нанын сол жолы туыстарына тағы берген. Нәтижесінде сол әулеттің 4 жасар қызы көз жұмған. Осылайша, тағы жеті адам ауруханаға түскен.

Кейіннен тергеушілер бұл істің бетін ашып, 37 жастағы әйелді «Кісі өлтіру» бабы бойынша қамауға алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз