Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Күйеуің қайда?”. Ақтауда жүкті әйелді 3 қыз жабылып сабап тастады (видео)

Жауыздыққа барған өрімдей қыздар келіншектен ағасы үшін кек алмақ болған. Өйткені араққа тойып алған бауырлары бір күн бұрын пышақ ұстап осы үйге кіріп кетеді. Әйелдің күйеуі оны бір ұрып, қуып шыққан екен.

“Менің сіңілімнің үйіне келіп енесін сұраған. Мас күйінде. Баласы көріп қуып жібереді. Біраздан кейін екі баласы пышақпен келген. Пышақпен келгесін күйеуі ұрып жіберген келмеңдер деп”, дейді Ұлжанның әпкесі.

Қазір Ұлжанның жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер жүріп-тұруға тыйым салған. Ең бастысы шараны сақтап қалғанына шүкіршілік етіп отыр.

Жүкті келіншекті сабаған қыздар қазір бостандықта жүр. Олардың жазаға тартылуы екіталай. Өйткені, кәмілет жасқа толмаған және сот-медициналық сараптама қортындысын күту қажет. Іс қозғалғанның өзінде ата-анасына ғана айыппұл салынады екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз