Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Күйеуімнің некесіз баласы бар екен

Осыдан 2 жыл бұрын күйеуім бір қызбен кездесіп, пәтер жалдап бірге болыпты. Содан кейін ол кыз жүкті боп капты. 2 жылдан бері неге айтпағанын түсінбеймін. Енді келіп күйеуіме бала сенен деп жабысып жатыр. Бүгін азанда хабарласып сотқа бердім, министрлікте ағаларым бар деп қорқытып жатыр.  Білмеймін енді не боларын.

Ата-енеме айта алмаймын, ол кісілердің денсаулығы жоқ, қан қысымдары тез көтеріліп кетеді.  Өзім де әбден қиналып кеттім, қыздарымды ойлаймын. Түсінбеймін, ол қыз күйеуіммен өз еркімен кездесіп, бірге болған. Күйеуім болса, ол қыз кездесуге мені өзі шақырды деп отыр.  Енді не істеймін,  жылап-жылап көз жасым кұрғар емес.

Ол қыз бүгін ішкі істер органдарына барып арыз жазам, зорлады деп шағымданам, түрмеде шірітем деп қоймайды. Осыны ойлаймын деп менің де қан қысымым көтеріліп кетті. Күйеуіме карағым келмейді,  жиіркеніп кеттім әбден. Не істеймін, ақыл айтыңыздаршы, ата-анама да ештеңе білдіргім келмейді.Не істесем екен? 

Аноним 
Дереккөзalashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз