Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Күйеуіме барам деді”. Атырауда сүйіктісін өлтірген адам 8 жылдан соң сотқа өзі келді

Бұл оқиға 2010 жылдың қаңтарында орын алған. Сол кезде Тараз қаласының тұрғыны Асылбек К. 23 жаста болған. Атырауға сүйіктісін – жерлесі А.-ны іздеп келеді. Онымен бірнеше күн бірге өткізген соң Алматыға кетіп, сол жақта бірге тұрып, жұмыс жасауды ұсынады.

Бірақ сол кезде күйеуі мен үш баласы болған әйел бас тартады.

 

https://kaz.365info.kz/khostanaj-oblysynda-er-adam-konildesin-tabamen-olgenshe-yryp-tastagan-317956

Асылбек Таразға оралуға шешім қабылдайды. Әйел оны шығарып салу үшін вокзалға келеді және оның өтініші бойынша бір бөтелке арақ сатып алады. Олар Контейнерный ықшамауданындағы жаяу көпір арқылы теміржол тармақтарын кесіп өтеді.

Сол жерде жігіт күйінішін арақпен басып, содан соң масайып, еліріп кетеді. Жол сөмкесінен асүй пышағын алып, бейшара әйелді 19 жерден пышақтайды. Әйел алған жарақат салдарынан сол жерде көз жұмады. Жігіт содан кейін пойызға отырып, Таразға кетіп қалады.

 

https://kaz.365info.kz/maskeude-koz-zhymgan-tomiris-bajsafanyn-isine-imangali-tasmagambetov-aralasty-317886

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы жылдар бойына Атыраудың тергеу органдары бұл қылмысты аша алмаған.

Ал қылмыскер Таразда араққа салынып, ішіп кеткен. Бірде қыста көшеде ұйықтап қалып, үсіп қап, содан екі аяғынан айырылыпты. Енді сол жердегі полицияға өзі барып, ол жерден Атырау қаласына жеткізілген.

Сот сотталушының кінәсін мойындап келгенін және мүгедектігін ескере отырып, оны Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-тармағы бойынша (сол кездегі ескі редакциямен) қатаң режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз