Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Күйеуім басымнан ұрады, бірақ оны сүйемін” – бір әйелдің жасырын өксігі

499

Күйеуім мені мүлде түсінбейді. Кез-келген жағдайда өзінің шешімін дұрыс деп санап, менің шешіміммен санаспайтынымен қоймай, ұрып жіберетіні де бар. Оның түсінігіндегі ұру – жай ұру емес, өлімші етіп сабап тастау.

Мен одан басымнан ұрмауын қанша өтінсем де, ол дәл басымнан жиі ұрады. Әдейі. Қолына кез-келген затты алып, басымнан пере салады.

Әкемнен аумай барады

Кейде осы қылығын өзіне айтсам, “ұру дегеннің не екенін сен түсінбейді екенсің”, деп қалжыңдайды. Мен расымен де, қатты шаршадым. Жағдайымды айтып отырып, көзіме жас келеді. Ол ешқашан мені ойлаған емес.

Міне, қазір де жүкті екеніме қарамай, тағы да боқтап, ұрып кетті. Ата-енеммен бірге тұрамын. Оларға да жағуға тырысамын. Мен оны сүйемін, бірақ осы қылықтарынан кейін кейде оған деген сезіміме өкінемін. Мен тым жас тұрмысқа шығыппын. Әрине, бақытты сәттеріміз де болды, бірақ бақытсыздығым басым. Кейде

босанбай-ақ өліп қалсам ба екен, деп ойлап кетемін.

Бірақ, балам есіме түсіп, ол ойымнан бас тартамын. Әрине, өзім де сүттен ақ, судан таза емес шығармын, менің де өзіндік кемшіліктерім бар. Бірақ күйеуімнің екіқабат әйелді аямай боқтап, ұратыны – оның мейірімінің жоқтығынан емес пе? Ол – менің әкемнен аумай барады…

Мен де анам сияқты үндемей өмірімнің соңына дейін өксіп өтем бе деп уайымдаймын.

Міне, бұл әңгіме де бір әйелдің басындағы оқиғасы, көп әйелдің жасырын өксігі…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз