Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Күдер үздім”. 58 жасында балалы болған әйел жұртты таңқалдырды

228

Бірнеше рет түсік жасатып, жасанды ұрықтандырудың көмегіне жүгінген әйел басынан өткен тағдырын Алматы арнасындағы “Life студия” бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақованың күйеуі 55 жасында қаза тауып, ол “балалы болсам” деген арманынан біржолата күдерін үзген.

«Өзімнің көрпемде…». «Қалаулым» бағдарламасына 81 жастағы қария үміткер болып келді (видео)

“Үйленгеннен кейін үш рет түсік жасаттым. Үш рет ЭКО-ның көмегіне жүгіндім. Еш нәтиже болмады. Сөйтіп жүргенде күйеуім қайтыс болды. Жасым 55-ке келгенде ана болудан үмітімді үздім. Ең болмаса, балалар үйінен асырап алайын деп ойладым.

Жетімдер үйіне барып едім, дәрігерлер маған “Сізде ештеңе жоқ. Қалай асырайсыз?” деп айтты. Балалар үйінен үмітім үзіліп шыққанда, бірден Райымбек атаның басына бардым. Сол жерде 2,5 жасар бала жүр екен.

Төреғалидың анасы ұлы мен келіні жайлы пікір білдірді

Қатты қызығып тұр едім, бір кісі шығып “Не тілеп едіңіз? Райымбек ата тілегіңізді қабыл етті” деп айтты. Осыдан кейін сол кісінің нұсқауымен біраз әулие-әмбиелерді араладым”, – деген Оралхан 56 жасында ЭКО жасатуға шешім қабылдаған.

“Мен бір жағынан қорқып, бір жағынан таңғалып дәрігерден: “Сіз менің жасымды сұрамайсыз ба” дедім.

Дәрігер жасымды білетінін айтып, қажетті дәрілерді жазып берді. Екі аптадан кейін орталыққа қайта келуім керектігін де ескертті. Уақыт өткен сайын, тест жасауға қорқып жүрдім.

«Көрмейтін болдық». Қайрат Нұртас әйелін қызғанып жүр екен

Баламның үш айлығына дейін аяғымның ауыр екеніне сенбедім. Құдайдың құдіреті ғой, 58 жасымда қызымды дүниеге алып келдім. Бұрын мінезім қатал болса, қазір бала мені өзгертті”, – деді Байзақова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз