КСРО-да халық кедей, бірақ бақытты өмір сүрді-дейді. Ол рас. Қызықты балалық, жігіттік кез сол кезге тап келді. Ал ол кезде барлық адам бақытты болатыны белгілі. Кедей өмір сүрдік пе? Ия , кедей болғанымыз рас.
Оның да себебі бар. Бай болуға мүмкіндік берді ме? Уақыт болды ма? Екі төңкеріс, екі дүниежүзілік соғыс, ҰОС, жанталаса қарулану, қырғи-қабақ соғыс, батыстың бітпейтін санкциясы ел халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге мүмкіндік бермеді.
Қаншама халықты қойдай қырды. Қаншама елді тонады? Тек 1960-70 жылдары ғана тонауын тоқтатып, тонаудың экономикалық тәсіліне көшкенін білеміз,Ол кәзір де жалғасып жатыр.
БҰҰ-ның мәліметтерін салыстырып отырып қызық заңдылықты байқадым. Англия, Францияның бұрынғы отарлары әлем бойынша ең кедей елдер қатарында екен. Кетер кезде тып-типыл етіп алып кеткен. Қазақстан олармен салыстырғанда олигарх ел.
АҚШ- екі дүние жүзілік соғыстан да үлкен пайдамен шықты. Жерінде үлкен қақтығыс та болмаған ел.Олар байымағанда кім байиды?
Германияның географиялық орналасуы мен неміс халқының еңбекқорлығы мен тындырымдылығы олардың бай болуын қамтамасыз етеді әрқашанда.
Ал, біздің жағдай болса , ол бөлек нәрсе.
30-жылдардаағы әлемдік дағдарыс халқымыздың жартысын жалмап кетті, Онан қалса соғыстың зардабы мен, салған жарасы. Хрушевтың қате саясаты. Осының бәрі социализм жетістіктерін сезінуді алыстата түсті. Халықтың қарны тек 70-80 жылдары ғана тойына бастады. Оқу, медицина, демалыс тегін. Ендігі міндет елдің әлеуметтік жағдайын көтеру болды.
Бірақ оған жеткізбеді-ау…
Сұлтан Сүлеев
Фейсбук парақшасынан