Криштиану Роналдуға Атыраудың бай-манаптары арнайы қазақтың шапанын тіктіріп, иығына жапқан. Одан бөлек оған тағы басқа да құнды сыйлықтарды тарту еткен.
Әлемге танымал футболшы Криштиану Роналдуға шапан тіккен маңғыстаулық дизайнер, «Нұр-Шах» сән үйінің иесі және «Маңғыстау облысының дизайнерлері қауымдастығының» президенті Нұржамал Нұрпейісова тапсырыстың қалай түскенін және орындалуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
https://kaz.365info.kz/tojda-zhyr-atakhty-krishtianu-ronalduga-shapan-zhapkhan-khaj-khazakh-video-307941
«Мен тапсырыс түскенде Ресейде сапарда болдым. Елге оралғанымда маған Роналдуға шапан тігу туралы ұсыныс түсті. Мен алғашында түсінбей қалдым, не, не деп сұрай беріппін. Таңғалғаным соншалық, әріптестерімнен басқа біреумен шатастырып тұрған шығар деп сұрадым. Адам сенгісіз ғой. Қателескен болар деп ойладым. Әріптестерім де әйгілі Роналду екенін айтуда. Дереу тапсырыс берген мекемемен байланысқа шықтым», – дейді Нұржамал Нұрпейісова.
Дизайнердің сөзіне қарағанда, тапсырыс берушілер алдымен шапанның эскизін сұратқан. Сондықтан дизайнер лезде іске кірісіп, эскиз салатын жергілікті және Ресейдегі суретшілерімен байланысқа шығады. Үздігін таңдап, көңілінен шыққан ұлттық киімнің 10 түрлі сызбасын тапсырыс берушілерге жолдайды. Ал, олардың басты талабы – шапанның артында Қазақстанның туында бейнеленген күн мен қыранның болуы.
https://kaz.365info.kz/sol-khyzdy-aj-ronalduga-ynajtyn-argentinalykh-zhurnalist-khyzdyn-12-sureti-261756
«Біз оны орындадық. Соның ішінде ұнаған эскизді мекеме таңдап алды. Тіпті, Криштиану Роналдудың бапкеріне де шапан кигіздік. Ол да менің сән үйімнен шыққан дүние»,-дейді дизайнер.
Сән үйінің ұжымы тапсырысты екі ай бойы тігіпті. Осы уақытта Маңғыстаудың бас дизайнері бар уақытын тапсырыстың сәтті шығуына бөлген. Әсіресе, шапанға қажет заттарды өзі іздеп, тіпті тігілуін жіті қадағалаған. Сондықтан бұл тапсырыстың аса ерекше екенін айтады. Криштиануға шапанды тапсырған сәтте дизайнер Дубайда болыпты.
«Мен Дубайда жүргенде фото жіберді. Содан кейін ғана мен инстаграмдағы парақшама салдым.
Барлығы мені құттықтап жатты. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш. Мен оны ерекше жақсы көремін. Өзінің еңбегімен өзінің болашағын қалыптастырған жан.
Оның футбол ойнаудағы техникасы керемет», – деп аяқтады сөзін Нұржамал Нұрпейісова.
https://kaz.365info.kz/ysh-balasymen-tysken-krishtianu-ronaldu-zhyrtty-tanti-etti-foto-270602
Кездесу соңында дизайнер оқушыларға өзінің іскерлік жолы туралы баяндап, тігін саласындағы қиындықтары мен мақсатқа жету жолын айтып берді.