Украинаның Конституциялық соты елдің Еуропа Одағы (ЕО) мен НАТО-ға қосылу шешімін мақұлдады.
НАТО-ның парламенттік ассамблеясы Шығыс Еуропада “Ресей қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін” Украинаны альянсқа қосуды талай рет ұсынған. Мәскеу болса Шығыс Еуропада басқыншылық саясат жүргізіп отырғанын жоққа шығарады.
Украина ЕО мен НАТО-ға қосылу үшін бірқатар экономикалық және саяси реформалар жүргізуі керек. Порошенко мұндай реформалар 2030 жылға қарай жасалатынын мәлімдеген.
Дегенмен, Украина қазір НАТО-мен бірлескен әскери жаттығуларды жиі өткізеді. Ресей НАТО-ның Шығыс Еуропаға қарай ұлғаюына қарсы шығып, ауқымды әскери жаттығу өткізіп жүр.
2013 жылы Еуромайдан деп аталған жаппай халық толқуына қатысқандар Украинаның Еуропа Одағына қосылуын талап еткен.
Қазір Украинада Еуромайданның басталғанына бес жыл толғанын атап өтіп жатыр.