25 жасқа дейінгі ресейліктердің жартысы Ресей президентін қолдамайды және мемлекет құрдымға кетіп барады деп есептейді.
Бұл жағдайда қолдау дәрежесі көбінесе жас аралығына байланысты. Жастар тарапынан көбіне жағымсыз бағалау байқалады. Ең азы – зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнеткерлік жастағы адамдар.
“Сонымен бірге, 18-24 жас аралығындағы респонденттердің 48%-ы елдің даму бағыты дұрыс емес деген ойда, 44%-ы ел дұрыс бағытта дамып жатыр дейді. 25-39 жас топ арасында нәтижелер сәйкесінше 44% және 43% құрады”, — делінген Левада орталығының есебінде.
Бағалау жаңалықтар көзіне байланысты өзгеріп отырды. Оларды әлеуметтік желілерден (50%) немесе интернет-басылымдардан (47%) алатын респонденттердің жартысы болып жатқан оқиғаларды теріс бағалауға бейім. Жаңалықты теледидардан білетіндердің 57%-ы Ресейдің дұрыс бағытына сенімді.
Сонымен бірге Владимир Путинге деген сенім деңгейі де төмендеп жатыр. Соңғы сауалнамаға сәйкес, бұл 29%, ал 2020 жылдың қазан айында 34% болған.
“Сіз сенім артатын бірнеше саясаткерді, қоғам қайраткерін атаңыз” деген сұраққа Путиннің тегі дәл осы пайыздық көрсеткіште жауап ретінде айтылды. Бұл ретте Путинге бәсеке болатын ешкім жоқ болды: премьер-министр Михаил Мишустин (респонденттердің 12%-ы оны атады) және ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский (10%) біршама артта қалды.
Бір қызығы, оппозиционер Алексей Навальный коммунист Геннадий Зюгановты (4%) бірінші рет озып, 5% жинады, сонымен бірге ол Мәскеу мэрі Сергей Собяниннен және бұрынғы премьер-министр Дмитрий Медведевтен (әрқайсысы 2%) айтарлықтай алда болды.
“Сіз Владимир Путиннің президент ретіндегі қызметін қолдайсыз ба” деген тікелей сұраққа жауап ретінде 64% оң жауап берді (бұл “Крымға дейінгі” кезеңнің деңгейіне сәйкес келеді). Дегенмен, мұнда да жас сегрегациясы айтарлықтай рөл атқарды.
“18-24 жас аралығындағы респонденттердің жартысы (51%) Путиннің қызметін қолдайды, 25-39 жас аралығындағы топта – 57%. Осы жас топтарындағы ресейліктердің пікірі осы жылы айтарлықтай өзгерді: 2020 жылдың қаңтарында президенттің жұмысына 18-24 жас аралығындағы 68%, 25-39 жас аралығындағы 62% оң баға берді”, — дейді зерттеу авторлары.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы дәл осындай сауалнаманы қаңтар айының соңында жариялады. Оның нәтижелері жалпы ұқсас. Осылайша, тікелей сұраққа респонденттердің 61%-ы Владимир Путинге сенеміз деп жауап берді: яғни бес респонденттің екеуі теріс ойда (29%) немесе көзқарасын ешқалай бағаламайды (20%).