Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Кредиттік каникул — бұл аман қалуға берілген мүмкіндік, бірақ жағымсыз салдары да болады— сарапшы

201
Айдархан Құсайынов,  Facebook-тегі парақшасынан алынған сурет

16 маусымнан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың бұйрығымен карантинде зардап шеккен бизнеске берілген несие демалысы ұзартылды. Бұл несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыруды және қайта қаржыландыруды дегенді де білдіреді. Жалпы алғанда тараптар бір келісімге келеді. Қазақстанда барлығы 357 қызмет түрі несие мерзімін кейінге қалдыруға құқылы.

Несиелік жеңілдіктердің алғашқы толқыны жақсы нәтиже көрсетті. 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін жалпы сомасы 164,5 млрд теңгеге 12 450 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері несие төлеу мерзімін кейінге шегерді. Өтінімдердің  92%-ы мақұлданды.

Алайда, несие демалысы дегеніміз рақымшылық емес. Борышты ерте ме, кеш пе қайтаруға тура келеді. Аман қалатындар бар ма,  түсімдер тоқтаған кезде кредиторлар қалай өмір сүреді? Осы және басқа да сұрақтарға экономист Айдархан Құсайынов жауап берді.

2020 жылы есте қаларлық оқиғалар көп болады

— Қалай ойлайсыз, карантин аяқталғаннан кейін қиындыққа тап болған кәсіпорындар мен кредиттік ұйымдарды құтқаруға мәжбүр болмаймыз ба, себебі барлығы ақшасыз қалды ғой?

— Жоқ, олай болмайды.

— Сонда қалай болады? Мемлекеттің мұндай шешімінен қандай да бір қауіп-қатер туындауы мүмкін бе?

— Кредиттік рақымшылық туралы айтылғанда…

— Бұл жағдайда рақымшылық туралы сөз болған жоқ, қарыз алушылар ақшаны  әйтеуір бір  қайтару керек қой.

— Мен де сол туралы айтып отырмын, олар ақшаны қайтарады, пайызбен қайтарады. 

— Ал егер ШОБ субъектілерінің жартысына жуығы карантиннен шыға алмаса, яғни банкротқа ұшыраса не болады? Онда банктер мүлдем ешнәрсе ала алмайды емес пе?

— Егер кредиттік каникул бермесе де  сондай жағдай орын алады. Барлығы карантин кезінде тоқтап қалды. Бұл форс-мажор, жағдай қиын. Адамдар табысынан айырылып, амалдап күнін көруге мәжбүр.

Карантиннің экономикаға, COVID-19-дың адамның организміне еш зиянын тигізбей өтпейтіні анық. Бәрібір салдары болады. Бір жағынан, 

кредиттік каникулдар осы инфекция мен карантиннің салдарын азайтуға немесе мүлдем жоюға бағытталмаған. Олар адамдар мен кәсіпорындардың эпидемия және жағдай шиеленіспен кездегі кредиттік тарихын сақтау үшін берілген

Сондықтан осы рақымшылық, каникул дегеннің барлығы жағымсыз салдарды жоймайды, олар тек ауыртпалықты төмендетеді. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекетке қосымша қауіп-қатер төнбейді.

Ең дұрыс шешім

— Сонда бұл жағдайда қиындыққа тап болған бизнесті құтқарудың бірден бір амалы ма?

— Иә. бұл қолдан келер жалғыз амал. Бұл банктерге берілген өкім емес. Де-факто, еңсерілмейтін күш түскен жағдай. Мемлекеттік бұйрық шартты түрде коммерциялық келісімдер бойынша келіссөз жүргізу мүмкіндігін береді.

Бір жағынан, бұл қарыз алушыларды банктердің қинауынан қорғау болса, екіншіден, кредиторларға берілген кепілдік

Бұндай жағдайда үндемей қалуға болмайтындықтан бұйрық шығарылды. Вакуум құруға сәтсіз уақыт. Мемлекет ШОБ-қа бұдан басқа ешнәрсе ұсына алмайды, оның нарық субъектілерінің қарым-қатынасына араласу құқығы жоқ.

— Соңында кредиттік портфель мүлдем бұзылып кете ме?

— Эпидемия болмаған күннің өзінде, қарыз алушылардың қандай да бір бөлігінің ақшаны қайтаруымен проблема туындайтын еді. Бірақ оның көлемі мен сомасы шағын болатын.

Әрине банк салсы үшін эпидемияның жағымсыз салдарының болатыны анық. Кредиттік портфел де нашарлайды. Несие беру көлемі де төмендейді. Дағдарыс. Жұмыссыздық артып, сапалы кредиттік портфель нашарлай түседі.

Ұлттық банк тұлғасындағы реттеушінің жанындағы агенттіктің бұйрығының арқасында несие немесе қарыз алушы неге сүйеніп келісімшатты ұзартты деген сұрақ қойылмайды.  Әлде сізге 164,5 млрд теңге көлеміндегі кейінге шегерілген несиенің бірден проблемалық портфелге түскені керек пе?

— Әрине, олай емес, себебі мұндай жағдайда 12 450 ШОБ субъектілері кредитті төлеуге қабілетсіз болар еді.

— Кейінге шегеру қарыз алушылардың банкротқа ұшырамауына көмектеседі. Сондықтан агенттік шаралар қабылдамаса, несие мен кешіктіріп төлеуге қатысты жағдай бұдан да нашар болар еді. Ал қазір жүйе жеңілдетіліп, субъектілердің аман қалуына мүмкіндік берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз