Краснодарда еркін күрестен Бесик Кудуховты еске алуға арналған турнир кезінде жаппай төбелес орын алып, Қазақстан балуаны оңбай таяқ жеді.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Төбелеске спортшылар, бапкерлер және көрермендер де араласқан. Төбелес диктордың жанкүйерлерді сабырға шақырғанынан кейін ғана тоқтаған.
Бесик Кудухов еркін күрестен әлемнің төрт дүркін чемпионы, Лондон, мен Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері. Ол 2013 жылы желтоқсан айында жол апатынан қайтыс болды.