Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Көзіңді құртам”. Қостанайда ер адам ажырасып кеткен әйелін өлтіріп, дегеніне жетті

Қылмыстық істің деректері бойынша, 2017 жылы 29-қаңтарда сағат 15.00 кезінде П. деген азамат Қостанай қаласы Краснопартизанский бейіті жанында орналасқан үйде отырып, мас күйінде Б. есімді күйеу баласына телефон соғады.

“Телефон арқылы П. күйеу баласына досын ертіп келіп, бұрынғы әйелін өлтіруге көмектесуді сұрайды.

„Біреуі аяғын, екіншің қолдарын ұстап тұрсаңдар болды, мен басты істі тындырам, оны өз қолыммен тұншықтырамын„ дейді.

Күйеу баласы бұған келісе кетеді”, — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 18.00-кезінде П. тағы да күйеу баласына хабарласып, оны шақырып алады. Бұл кезде П-ның бұрынғы әйелі мас күйінде ұйықтап жатқан.

“Кісі өлтіру алдын ала келісілген жоспар бойынша орындалған. Ер адам ұйықтап жатқан бұрынғы әйелін жастықпен тұншықтырады, ал қалған екеуі әйелді ұстап тұрған”, — делінген хабарламада.

Ер адамды мұндай қадамға не жетелегені әзірге белгісіз.

Сот үкімімен үшеуі де ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 3,7-пункттері бойынша айыпты деп танылды.

Бұрынғы әйеліне қол салған азамат 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жанындағы сыбайластырының біріне 16 жарым жыл, тағы біріне 15 жыл бір ай кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз