Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Көзің үлкен боп көрінеді…”. Сұлу болу үшін отаға жүгінген жұлдыздар (фото)

478

Жұлдыздардың көбісі көзін үлкейтуге асығады екен. Сондай-ақ олар өздерінің үй жағдайында қалай күтінетіндерін де айтып берді.

Блефаропластика көмегіне жүгініп, қабақ салдырып алғандар қатарында Шахизада мен Жеңіс Ысқақова бар.

«Мен ота жасатуға қорқамын. Бірақ көзімнің үстін реттеп берді. Ешқандай пышақ тиіп, қан шығармадық. Көңіліміз 25 жаста болса да, уақыт өз дегенін алады екен ғой. Сондықтан көзім сәл үлкен көрінсін, бояуға ыңғайлы болсын деп жасаттым», – дейді Ысқақова.

Бұл тізімде Шахизада да бар. Ол да өнердегі әріптесінен қалмай қабағын тарттырып алған.

«Қабағымды тіккіздім. Көпшілікке ұнап жатыр. Фотосессия да оңай болды осы жолы. Онда тұрған ештеңе жоқ қой. Ал бет-әлпетіме бірнәрсе жасататындай қиындық туындай қоймады», – деп мақтанды Шахизада.

Ал Тамара Асар өзінің бетіне мезотерапия жасатып тұратынын жеткізді. Мезотерапияда бет терісіне ине арқылы түрлі дәрумен мен дәрілер жіберіледі, ол терінің сапасын жылдам жақсартады.

Елімізге белгілі

әнші Бағдат Сәмединова алпысты алқымдаса да осы уақытқа дейін ота көмегіне жүгінбеген.

«Қыздардың әдемі болып жүргенін қолдаймын. Мен үй жағдайында табиғи майлар қолданамын. Ал ота жасатуға қарсы емеспін. Бірақ, өзім қорқақтап жүрмін», – деп құпиясымен бөлісті Сәмединова.

Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте пластикалық ота жасатып үлгерген Роза Рымбаева қолдан жасалған маскаларды пайдаланады екен. Әнші алдағы уақытта дәрігерлердің көмегіне сүйенгісі келмей қалған.

Баян Алагөзованың айтуынша, ол күніне бірнеше крем жағады екен. Сондай-ақ продюсер шаш күтімінде майонез бен айраннан жасалған табиғи маскаларды қолданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз