Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Көзіме оттай басылды». Әйелім сайтта тіркеліп, жезөкше болып жүр екен

531

Бір көргеннен ғашық болдым деуден аулақпын, бірақ күн өткен сайын оған деген сезімім арта түсті. Әселдің артынан көп жүгірдім. Бірақ ол қыз болмай шықты. Маған дейін жүрген жігіті туралы айтып берді. Онысы өзге қызбен көзіне шөп салыпты.

Үйлендік

Бір жылдан кейін біз үйлендік. Басында төсек қатынасында қатты ұялатын. Айтуына қарағанда, көп нәрсені білмейді екен, мен білгенімді үйреттім. Уақыт өте келе, Әселдің мінез-құлқында, өзін ұстауында шынайылық жоқ екенін сезе бастадым.

Біріншіден, ауылдағы әке-шешесінің жағдайы жоқ, бірақ өзі шалқып-ақ жүр: өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары екені байқалады. Екіншіден, өткен өміріндегі ешқандай танысымен, дос-құрбыларымен мені таныстырған емес. Үшіншіден, төсектегі іс-әрекеттері, мінез-құлқында жасандылық бар.

Тойдан кейін екі айдан соң, түсініксіз бірнеше сағатқа жоқ болып кетуі, күн ұзақ дүкен аралауы, кешігулері, ата-анасына баруы жиілеп кеткендей болды. Бағасы мен берген ақшадан әлдеқайда асып түсетін заттар сатып алады. Тым күмәншіл шығармын деп, әйелімнен бекер сезіктеніп жүрмін-ау деген ой келді. Ол кезде жаман ой онша мазаламайтын.

Белгісіз тілектестен” хат келді

Жұмыс барысында көптеген адамдармен танысамын, қарым-қатынас жасаймын. Былайша айтқанда, көпшіліктің алдында жүрген адаммын, сондықтан мені тауып алу да қиын емес.

Бір күні менің электрондық поштама хат келді. Белгісіз тілектес” менің әйеліме қатысты ауқымды іс жинап қойыпты.

Фотосы, видеосы, жезөкшелер тіркелетін сайттың скрині де бар. Бет-әлпеті бүркелгенімен, әйелім Әселді тану маған қиын емес қой. Бірер суретте мен тойдан кейін алып берген етігін киіп алыпты. Ал жеңіл жүрісті қыздың анкетасында не жазылмаған десеңізші. Секстің анайы түрінен бастап…

Мен Әселмен сөйлесіп, шындықты әшкере еткенімдегі оның келбетін көру керек!

Сол күні ол құрбысының үйіне кетті. Бүкіл киім-кешегін артынан жібердім.

Ауру қалса да, әдет қалмайды екен

Ауылдағы әке-шешем естісе, не болар екен. Кеудем ашуға толы. Ішкі жан-дүнием жиіркеніште. Айтарға сөзім жоқ. Әрине, ажырастым. Ол менен кешірім сұраған да жоқ.

Енді мені мазалайтын сұрақ – тұрмысқа шыққан соң, неге ол сол іспен айналысуын тоқтатпады?

Әсте жауабы да бар-ау деймін: бойы үйреніп, әдетке айналған ғой…


https://kaz.365info.kz/almatyda-bir-khazakh-zhezokshelermen-demalyp-750-myn-tenge-zhymsapty-269792
Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз