Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Көз тартар шынайы әлем» көрмесіне шақырамыз

Елена Бейсембинова – әйгілі қазақстандық график, кескіндемеші, 1960 жылдардағы суретшілер буынына жатады. Ол өзінің шығармашылық жолын гобелен, мультипликация, кітап иллюстрациясы, түпнұсқа және баспа графикасының суретшісі ретінде бастады. 1985 жылы кескіндемеге бет бұрып, жүзден астам керемет туындылар жазды. Оның ұраны – табиғатқа деген адалдық.

Елена Сергеевнаның көркемдік дүниетанымының ерекшеліктерін оның өнерінен аңғаруға болады. Оның жан дүниесінде әлем туралы және өзінің сезімдері жайлы жағдайға байланысты әр түрлі тілдерде сөйлей алатын Ақын өмір сүреді.

Оның өмірі өнермен және әлемнің сұлулығына тәжім етумен қаныққан. -Ол шексіз таңдану мен  оның көріністерінің байлығына сүйсіну дарынына ие. Бүкіл табиғат және оның әр бөлігі мәңгілікті де, өткіншіні де ұстап алуға және жазып алуға ықылас тудырады. Суретші үшін барлық нақтылық қайталанбас шексіз сүйкімділігінде жатыр. Бейсембинова алма, өрік бұтағын немесе сәлдегүл гүлін бір рет қана жазуға қабілетті емес. Әлемге деген көзқарасыңды бір-ақ рет немесе біржола білдіру мүмкін емес. Сонымен, шексіз әр түрлі және бірдей заттар түсіріп алынған бірқатар кенептер пайда болады.

Көрмеге музей қорынан және автордың жинағынан алынған 90-нан астам туынды қойылады.

Қысқаша өмірбаян:

Бейсембинова Елена Сергеевна.

Ол 1941 жылы 24 шілдеде Саратов қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Мәскеудің жоғары көркемдік-өнеркәсіптік училищесін (бұрынғы Строгановское) бітірді. 1960 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1981 жылдан бастап Кинематографистер одағының мүшесі. 1968 жылдан бастап республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушысы. 1974-1984 жылдары – «Қазақфильм» киностудиясында мультфильмдердің қоюшы-суретшісі.

Оқуды бітіргеннен кейін, жұбайы Арсен Бейсембиновпен бірге Алматыға келді. Сол кезден бастап оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен, дәлірек айтсақ, Алматымен тығыз байланысты.  

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз