Шымкенттің әскери соты қар көшкінінің астында қалып мерт болған сарбаздардың өліміне қатысты айыпталған жалғыз майорға үкім шығарды. Бақыт Шойбеков кінәлі деп танылғанымен, 3 жылға шартты түрде ғана бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК арнасы.
«Қызметіне салғырт қарағаны үшін» деп айыптап, бар-жоғы үш жыл бергенін судья бұған дейін майордың қызметінде кінәрәт болмағанымен, екі баласы мен кәрі шешесінің барымен түсіндіріп отыр. Оның үстіне мерт болған сарбаздардың туыстары Шойбековті толық кешірген еді.