Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Көшеде жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады

254
Сурет: 24.kz

Бұл туралы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты.

— Балалары көшеде жүрген ата-аналарды жауапқа тартамыз. Әсіресе, ересектерсіз жүрген, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға назар аударамыз. Олардың барлығы үйде отыруы керек. Осындай кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары ӘҚБК 476 бабы  бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін)  әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп атап өтті қалалық полиция басшысы.

Ол бұған дейін  Алматы қаласының көшелерінде автокөліктердің бағытын тексеретін 26 бекеттің пайда болатыны туралы хабарлаған еді. Карантин режимін бұзушыларды «Сергек» камера жүйесі арқылы анықтайтынын да айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз