Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
20
USD
468
-2.37
EUR
540
-2.64
RUB
5.73
-0.05

“Көруге болады…”. Астанаға жеткізілген баланың қайда тұрып жатқаны белгілі болды

Кеше ол дүкенге барды, бүгін түстен кейін медициналық тексерістен өтеді. Кездескілеріңіз келсе, әрине, кездесе беріңіздер.

Бірақ бір ғана шартпен – тергеуге қатысты ешқандай сұрақ қоюға болмайды”, — деп қадап айтты Балиева.

Депутаттың айтуынша, қазір оңтүстікқазақстандық бүлдіршін елең-алаңсыз ойнап, педагогтармен сабақ оқып жүр.

“Қазір “Асыл бала” сыйлаған телефонмен ойнап жүр. “Жас ұлан” (республикалық мектебі) түрлі қызықты, ақыл-ойды дамытатын ойындар жүктелетін планшетті сыйға тартпақшы. Сол планшетті күтіп жүр. Кеше еріктілер келіп, онымен танысты.

Мұның бәрін айтып отырғаным: бала қоғамнан оқшау емес, оны ешкім жасырып отырған жоқ”

, — деп түсіндірді Балиева.

Еске салып өтсек, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Шымкент қаласына барып, зорлыққа ұшырады деген 7 жасар бүлдіршінді әжесімен бірге Астанаға алып келді. Қазір баланың жағдайы жақсы, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз