Тайвань елі Қытай теле жобасы – Singer 2017 шоуының лицензиясын сатып алды. Бұл бағдарлама Тайванда 16-қыркүйектен бері көрсетіліп жатыр.
Бір ерекшелігі – бағдарлама жарнамасының бүтіндей дерлігі Қазақстан әншісі Димашқа арналған. Тайвань телеарнасы Singer 2017 көрсетілімі алдында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ең эмоциональды үзінділерді қайта-қайта беріп, жарнама жасайды.
„Бұл жоба Қытайдың бүкіл атақты әншілерінің басын қосты. Бірақ оның бір де біреуі әлем назарын өзіне бұрған 22 жастағы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шаңына ілесе алмады. Оның жүректі баурап, бойды алар ән орындау мәнері мен нәзік әрі сан құбылмалы даусы көптің көзіне жас үйрілтіп, көңілдерін жібітті. Өте жоғары вокал техникасы бар Қазақстаннан шыққан сүйкімді жас әнші музыкалық отбасыда дүниеге келген. Ілуде бір кездесетін кең диапазонды даусының арқасында ол Қазақстанның ұлттық байлығы боп саналады„ делінеді бағдарлама жарнамасында көрсетілетін видеода.
Айта кетелік, әлемді ерекше даусымен тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің Қытай тележобасындағы барлық өнері қамтылған Singer 2017 бағдарламасының толық нұсқасын көктемде „Хабар„ телеарнасы көрсеткен болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=Y4IJrCnWLyg
https://www.youtube.com/watch?v=mDP-i5oq29g
https://www.youtube.com/watch?v=KdtAc-LGbq0