Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Корпоративтерге тыйым, аралас оқыту: Қазақстандағы КВИ-ге қарсы жаңа шешімдер

221

Бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерге тыйым салынады. “Теңіз” мұнай-газ кен орнында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін шектеулер күшейтіледі, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бейінді мемлекеттік органдарға коронавируспен күресте қолданылатын дәрі-дәрмектердің дәріханалық бағаларын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, үшінші тоқсаннан бастап 9, 11 және 12 сынып оқушылары оқу пәндерінің тек 30%-ын қашықтықтан оқып, аралас түрде оқитын болады. Сондай-ақ үшінші тоқсаннан бастап бес адамнан аспайтын топтағы оқушылар үшін жеке оқу консультацияларына рұқсат етіледі.

Екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.

“Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, —

делінген хабарламада. —

Премьер-министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды. ІІМ әкімдіктермен бірлесіп мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды”.

Жалпы, Қазақстанда коронавирустың таралуы бақыланатын деңгейде. Сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,4%, вирустың репродуктивтілігі 0,9% деңгейінде қалыптасты. Жұқпалы аурулар ауруханалары 28%, реанимация бөлімшелері 20% толтырылған.

Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары қаупі жоғары және орташа аймақтар санатында.

“Қаңтар-ақпанда ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирустық инфекцияның көбею қаупі бар», —

делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз