Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Коронавирустың себебінен асқынып кететін аурулар белгілі болды

163
Сурет: medaboutme.ru

Ухань университетінің (ҚХР) Халықтық емханасының ғалымдары осындай шешімге келді деп жазды  РИА Новости. Мамандар коронавирус жұқтырған 416 адамды бақылаған. Дәрігерлердің пікірінше, емделушілердің жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы мен COVID-19-дан болған өлім көрсеткішінің арасында байланыс бар.

Осы вирустың кесірінен басқаларға қарағанда жүрегі ауыратын адамдар көбірек қаза болған (жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылған 82 адамның 42-і көз жұмған, ал ондай сырқаты жоқ 334 адамның тек 15 ғана)

«Уханьдағы COVID-19 жұқтырған емделушілердің көбінің жүрегінде сырқаты болған, бұл  өлім-жітім көрсеткішінің не себепті жоғары болғанын түсінуге көмектеседі», — дейді ғалымдар.

Басқаларға қарағанда жүрек ауруы бар адамдарың ауруы он есеге көбірек асқынғаны анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз