Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайларының төрттен бірі Нұр-Сұлтанда тіркелуде

Фото: Liter.kz

coronavirus2020.kz мәліметтері бойынша 10 шілдеде Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 3 695 жаңа оқиға тіркелді. Бұл – жаңа абсолюттік рекорд: тәулігіне мұндай көп мөлшерде факті әлі тіркелмеген. Сонымен қатар, үшінші рет бір тәулікте жұқтырғандар саны 3000-нан асты. Олардың барлығы шілде айында.

Ағымдағы айдың алғашқы 10 күнінде 29 252 адам  коронавирус жұқтырды.

Нұр-сұлтан инфекция жұқтыру шыңында

11 шілдедегі жағдай бойынша он бір аймақ қызыл аймақта. Ең нашары, Нұр-Сұлтандағы жағдай. 10 шілдеде мұнда 914 COVID-19 жұқтыру фактісі анықталды. Бұл тек елорда үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін рекорд. Пандемия тарихында бір тәулікте жұқтырғандар саны мұндай көп  тіркелмеген. Жалпы, Нұр-сұлтанның үлесіне республикадағы барлық инфекция жұқтырғандардың төрттен бір бөлігі тиесілі.

Елордадағы жағдай маусымның екінші жартысында нашарлай бастады. Жұқтырғандар саны 181-ден (14 маусым), алдымен 372-ге дейін (17 маусым), содан кейін 568-ге (23 маусым) дейін өсті. 30 маусымнан бастап (яғни 11 күн қатарынан) жұқтырғандар саны тәулігіне 700-ден төмендемеді.

Маусым айының соңынан бастап республикалық маңызы бар тағы бір қалада күрделі жағдай сақталуда. 27 маусымда Шымкентте бір жарым ай ішінде тәулігіне жұқтырғандар саны 100-ден асты. 10 шілдеде олардың саны 312-ге жетті.

Алматыда да жағдай нашарлауда. Еліміздің ең ірі қаласында 10 шілдеде 610 жұқтыру оқиғасы анықталды. Бұл рекорд емес, бірақ одан алыс емес – жергілікті максимум 698 жағдай болып қалды (27 сәуір). Жалпы, қазір қаладағы жағдай 8 мамырдан бастап нашарлады.

Батыс қызылға кірді

Республиканың барлық батыс өңірі қызыл аймақта:

  • Ақтөбе облысында екі күн қатарынан анықталған фактілер саны 100-ден асты – бұл 2 мамырдан бері мұндай болған емес
  • Атырау облысы – 10 шілдеде 256 адам инфекция жұқтырғаны анықталды – бұл 2020 жылдың 12 шілдесінен бастапқы ең жоғарғы көрсеткіш, яғни бір жылға жуық уақыт ішіндегі.
  • Батыс Қазақстан облысында – 205 жағдай. Осындай жағдай тек екі рет болды – 19 (237) және 20 (231) сәуір
  • Маңғыстау облысы – 116 факт. Ең жоғарғы көрсеткіш 4 шілдеде орын алды, 196 адам инфекция жұқтырған, бұл аймақ үшін рекордтық көрсеткіш.

Қызыл аймақтағы тағы 3 өңір Қазақстанға солтүстігіне тиесілі. Ақмола облысында 10 шілдеде 131 факт анықталды – бұл 24 мамырдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Шілденің 10 күнінде тәулігіне орта есеппен 116 инфекция жұқтырғандар тіркеледі, бұл аймақ үшін өте жоғары көрсеткіш. Қостанай облысында тәулігіне 81 факт анықталды, бұл ақпанның алғашқы күндерінен бастапқы ең жоғарғы көрсеткіш. Павлодар облысында жағдай мамыр айының басында болған – күніне 137 жағдайға қайтып оралды. Өсім соңғы 6 күннің 5-інде байқалды.

Қызыл аймақтағы он бірінші аймақ – Қарағанды ​​облысы. Шілде айының басынан бастап мұнда күнделікті жұқтырғандар саны бойынша рекорд үш рет жаңартылды. 4 шілдеде бұл көрсеткіш 499-ға жетті. 10 шілдеде жұқтырғандар саны 449 болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз