Сарапшылар карантин кезінде қонақ үйлер мен хостелдердің жағдайы қандай және Қазақстанның ішкі туризмінің болашағы не болмақ деген сұрақтарға жауап берді.
Туроператорларда қиын кезең басталды: шекара жабылып, ешкім демалысқа бармайды, Қазақстанға ешкім ұшып келіп жатқан жоқ. Parasat хостелінің иесі Шакир Исламбакиевтің айтуынша
Алматыдағы кейбір қонақ үйлердің иесі әкімдікпен ынтымақтасып, қала маңында тұратын дәрігерлерді, зауытшыларды, полицейлерді, Ұлттық гвардия қызметкерлерін орналастыруда
Осының арқасында адамдар жабық қалада да өз жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алды.
— Бізде зауыт қызметкерлері тұрып жатыр, мекеме басшысы барлық шығынды төлеп берді. Бұл ең болмағанда жалдау құны мен комуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жетеді.
Бұған қарамастан,
менің бизнесім бұндай жағдайға бір ай, ары кетсе екі ай ғана шыдап бере алады
Нарықта мұндай қиындыққа тап болған әріптестерім өте көп. Бұл дағдарысқа барлығы бірдей төтеп бере алмайды, хостелдер, бюджеттік тұрғын үйлер жабылады. Өйткені шетелдіктер карантинді алып тастағаннан кейін де келмейтіні анық. Отандастарымызды сыртқа шығаратын және шетелдіктеді елге шақыратын туризммен айналысатын туркомпаниялар жұмысын тоқтатады, — деп атап өтті Исламбакиев.
Оның айтуынша, болашақта қазақстандықтар еліміздің ішінде көбірек демалатын болады.
— Қазір адамдар үйде отыруға мәжбүр. Жағдай реттелгенде, адамдар бұрынғы өмір салтын қалпына келтіріп, жұмысқа қайта оралады. Содан кейін ішкі туризмге сұраныс пайда болады,
Алматы облысында саяхаттап, болған жағдайдан кейін еңселерін көтеріп, сейілу мақсатында арзан бағыттарды таңдайды.
Екіншіден барлығы коронавирус пен карантин жағдайы қаншалықты ұзаққа созылатынына байланысты болады. Жалпы алғанда, адамдардың Қазақстан бойынша саяхаттауға қаражаты бола ма, осыған байланысты, – деп пайымдайды кәсіпкер.
Ақмола облысының туризм индустриясы қауымдастығының президенті Шынарбек Батырханов икемді және ақылға қонымды баға саясатын ұстанатын туркомпаниялар аман қалатынына сенеді.
— Біздің бизнес әрдайым сұранысқа қарай икемделеді. Клиенттерді тарту үшін, тіпті ең қымбат қонақ үйлер де бағаларын арзандатып жатады. Әрине, дағдарыстық құбылыстар туристік салада елеулі із қалдырады, бірақ мұның бәрі үлкен қиындыққа әкеледі деп ойламаймын. Шекаралар ашылған кейін де шетелдік сапарларға деген сұраныс төмендеп, ішкі туризм белсенді дамитын болады. Түрлі табиғи аймақтар, ауасы таза курорттық жерлерге сұраныс артады, — дейді сарапшы.