Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Коронавируспен күрес жүргізген шенеуніктердің басты қателігі неде? — әлеуметтанушының пікірі

936

Гүлмира Ілеуова. Facebook-тегі жеке парақшасынан алынған сурет

Кінәлілерді жүйеден тыс жерден іздеуде

— Қазір Қазақстанда сырқаттанғандар санының өскені байқалады, елдегі жағдай соңғы күндері халықаралық БАҚ-тың талқылау деңгейіне шықты. Қазақстандықтар болып жатқан оқиғаларды және жаңа «локдаунды» ауыр қабылдайды, соның ішінде әлеуметтік желілердегі үрей, дәріханалардағы кезек, дәрі-дәрмектерді сатып алу психологиялық жағдайына әсер етуде. Қазір билік халықты тыныштандыру үшін  не істеу керек?

— Талдаушыларға елдегі жағдай туралы айту қиын емес, бірақ түрлі ақпарат тарауда. Жаңа денсаулық сақтау министрінің тағайындалуымен аурудың таралуына байланысты қалыптасқан жағдай туралы деректер тәртіпке келтірілді, ал ақпарат ағыны орталықтандырылды. Біз статистиканың неге негізделетінін және билік тарапынан Ақпараттық хабарлама қалай қалыптасатынын түсінеміз. Алайда, бұл қазіргі жағдайдың бір жағы ғана.

Бастапқыда ДДҰ-ның қарама-қайшы ұсыныстарына көп көңіл бөлінді. Егер статистикаға жүгінсеңіз,

Ал Қазақстандағы билік пандемияға қатысты өзіндік көзқарас, елдегі нақты жағдайға сәйкес келетін, халық пен медициналық мекемелерге арналған іс-әрекеттер алгоритмін қалыптастыра алмағандай көрінді

Менің ойымша, егер бірінші карантин енгізілген сәтте билік талдау жұмыстарын, ықтимал қауіп-қатерлерді және әлеуетті сценарийлерді (көктемгі кезеңде өзекті) бағалауды жүргізген болса, қазір халық арасындағы үрей және дәріханаларда дәрілік заттардың жетіспеуі секілді қиындықтар болмас еді.

ҚР вице-министрі мен денсаулық сақтау министрінің баяндамаларында  туындаған дәрі-дәрмек тапшылығының себептері ретінде алыпсатарлық, көп мөлшерде сатып алу сияқты себептер аталады. Тіпті осы тұрғыда да

олар өз қателіктерін мойындағысы келмейді, кінәлілерді жүйеден тыс жерден іздеуде, бұның ақыр соңы түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін

Билік қалыптасқан жағдайды терең талдап,  іс-әрекеттері мен халыққа ұсынған алгоритмдерін бағалап, елдегі жағдайды қиын жағдайға әкелген олқылықтар мен қажетсіз іс-қимылдарды атап көрсетуі қажет.

Бұл ақпаратты міндетті түрде халыққа хабарлаудың керек емес, бірақ сарапшылар билік өкілдерінің іс-әрекеттері мен COVID-19-дың таралуын еңсеру жөніндегі үдемелі саясат арқылы оқиғалардың алға қалай дамитынын бағалап, болжай алатын еді. Биліктің мемлекеттегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қалай әсер еткенін ескеру де маңызды.

Симптомсыздарға қатысты қауесеттер

— Қазақстандық БАҚ-та вирустың қатысты жағдайға екі тарап — билік пен халықтың өзі кінәлі екенін айтады. Бұл туралы не ойлайсыз? Қай сәттен бастап қателікке жол бердік?

— Жалпы алғанда бқл әділетті айыптау  –

қазіргі жағдайдың орын алуында халықтың да кінәсі бар

Қазақстандықтардың бір бөлігі карантиндік іс-шараларға айтарлықтай байыпты қарайды, өзінің денсаулығы мен жақындарының денсаулығына  төнген қауіп-қатерге лайықты баға берді. Алайда халықтың вирусқа сенбейтін, тиісті деңгейде ақпарат алмаған басқа бір бөлігі де бар.

Екіншіден, эпидемия жағдайында, күштер мен ресурстарды жұмылдыру керек еді, бірақ біз

басқару аппаратының қаншалықты ұйымдастырылмағандығын анық көрдік

Билік орындары осындай жағдайларда басшылыққа алып, әрекет ететін белгілі бір алгоритм немесе үлгі болуы керек.

Біздің Орталық Қазақстандағы оқиғалардың неліктен осылай дамығанын зерттеді. Вирус Еуропадан әкелініп, коронавирустың бірінші толқыны басталғанда алғашқы қуатты ақпараттық толқын және биліктің әрекеті коронавирус инфекциясына қарсы күрестің жалпы әлемдік тәжірибесіне сәйкес жүргізілді. Біздің орталықтың болжамы бойынша, хаттамаға өзгерістер енгізіліп, «симптомсыздар» ұғымы пайда болғанда жағдай өзгерді.

Бастапқыда

халық «аурудың соңы өлімге алып келеді!» деп қорықты. Ал кейін оны жұқтырған халықтың басым бөлігі жеңіл түрде ауыратыны, тіпті белгілері байқалмауы мүмкін екені туралы ақпарат тарады

Яғни ауруға қатысты түрлі мәліметтер пайда болды,  өлім-жітім көп болады деген туралы түсінік те жойыла бастады.

«Парацетамол дағдарысы»

Жаңа хаттама шыққан кезде, парацетамолдың көмегімен температураны түсіруге немесе оны алдын алу мақсатында пайдалануға болады деп жарияланды. Бірақ құрамында парацетамолы бар немесе ыстықты төмендететін басқа препараттарды пайдалануға болады деп айтылған жоқ.

Бүгін біз денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері берген сұхбатты оқып отырмыз:

«Адамдар парацетамолдан басқа дәрі-дәрмектердің бар екенін түсінбейді!». Алайда, олар бұл идеяны өздері айтты емес пе?

Бұл қорқынышты жағдайда температураны тек парацетамолмен ғана түсіруге болады деген де солар. Сондықтан да  дәріханалардың алдында ұзын-соныр кезек пайда болды.

Мойындағылары келмейді

— Қазақстандықтардың карантиндік шараларға ғана емес, коронавирустық инфекцияға да қатысты көзқарасы әртүрлі. Халықтың көп бөлігі инфекцияға сенбейді және жағдай білеулердің әдейі ұйымдастырған саясаты деп түсіндіреді. Алайда, бұл идеяны насихаттайтын танымал адамдар, блогерлер, жұлдыздар да бар. Сіз бұған қалай қарайсыз, атақты адамдар өздерінің ақпараттық өрісін қадағалауы керек пе?

— Әрине, күмән келтіретіндер, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де кездеседі, сондықтан бұл қалыпты құбылыс. Алайда, соңғы уақытта адамдардың кем дегенде 80%-ы аурудың симптомсыз немесе симптомды түұрімен ауыратыны туралы ақпарат таралуда. Халық бұдан қандай қорытынды шығарады? Олар ауру соншалықты қорқынышты емес немесе мүлдем жоқ деген түсінік қалыптастырады.

Адамға тым қысым көрсеткен жағдайда, аурудың қауіптілігін толық жоққа шығару секілді реакция пайда болады.

Ақпараттық саясаттың кемшіліктері

Бүгінде халықты ақпараттандыру қалай реттеледі, қазақстандықтар мұны қалай көреді? ТД немесе әлеуметтік желілер арқылы берілетін жадынамалар, жарнамалар секілді механизмдер бар ма және олар адресаттарға қалай жетеді? 

– Кабельдік теледидар арқылы карантиндік шараларды ұстану қажеттілігі туралы хабарландырулар үнемі таратылады. Хабарландырудың түрі  ұзақ уақыт бойы  өзгерген жоқ:

 ақпарат беру жолы халықтың құлағына сіңіп кеткені соншалық, қазір адамдар оны естімейді де. Яғни, ол өз мақсатына жете алмайды, ал оның тиімділігі төмен

БАҚ шығаратын түрлі жаднамаларға келетін болсақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бірыңғай сыйлы және сенім артатын ақпарат көзі жоқ. Ауру жағдайында қалай әрекет ету алгоритмі әлі күнге дейін жетілдіру/бекіту/жетілдіру сатысында.

Орталық органдар тарапынан өте сапасыз және түсініксіз ақпарат таратылуда

Жергілікті органдар деңгейінде шағын шрифтпен басып шығарылған және адамдар көп жиналатын орындарда орналастырылған хабарландырулардан басқа ресми түрде ескертетін ештеңе жоқ.

Мен

көлемі үлкен айыппұлдар (80 мыңнан жоғары) туралы көбісі білмей ме деп қорқамын. Бұл жағдайда полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне баруы мүмкін деген қауіп бар

Мен ақпараттық саясатты сынаудан шаршамаймын – ол қарама-қайшы, орталықтандырылмаған, көзбен көрінбейтін, мазмұны аз және сондықтан тиімділігі аз. Карантиндік шаралар кезінде ақпараттандыру көлемі де артуы керек.

Адамдар өз денсаулығын сақтау үшін дұрыс іс-қимыл жасағаны жөн – ақпараттық саясаттың мақсатына әлі де қол жеткізе алған жоқпыз. Сондықтан Қазақстанның басты проблемасы дәл осы жерде жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз