Коронавирусты өз бетімен, антибиотиктермен емдеу — қате. COVID-19-ды емдеу кезінде қызуды түсіретін, антиагрегант, антикоагулянтты және иммуносупрессивті дәрілер көбірек қолданылады. Алматының штаттан тыс бас пульмонологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова антибиотиктердің вирустарға әсер етпейтінін ескертеді.
— Сәуле Лаиковна, бүгінде қытай дәрігерлері фиброз, яғни өкпенің қайта қалпына келуі қиын зақымдануына әкелетін «бұлыңғыр шыны» деп аталатын нышан туралы айтуда.
— COVID-19 — асқынған жұқпалы ауру. Бұл инфекцияның контагиоздылығының жоғарылығын және халық арасында тез таралатынын байқадық, сол себепті де қазір аурудың өршіп тұрған кезі.
Өкпе SARS CoV-2 коронавирустарының әсеріне ең әлсіз орган. Сондықтан көптеген науқастардың өкпесі зақымданады, ал КҚМ КТ жасаған кезде екі жақты процесс ретінде сипатталады.
«Бұлыңғыр шыны» симптомы — КҚМ КТ-ның деректері бойынша анықталатын өкпенің вирустық зақымдануы кезіндегі қабынудың бастапқы белгілерінің бірі
Одан әрі, ауруды тез арада емдеген жағдайда зақымданған жерлерді шоғырландыру түрінде өкпе тінінің нығыздалуы және өкпе паренхимасының құрылымын біртіндеп қалпына келтіру жүреді.
Ауру асқынып кетсе өкпеде аурудың соңында фиброздың учаскелері дами алады, оны КВИ басталғаннан кейін кем дегенде 3-12 айдан кейін көруге болады.
— Өкпенің қанша пайызға зақымдануы шекті болуы мүмкін және өкпенің дәнекер тіндерінің қабынуына әкелуі мүмкін бе?
— Бұл басқа процестердің белсенділігіне байланысты.
— Фиброздың қауіптілігі неде?
— Ол өкпе тінінің тыныс алуға жауапты бөлігінің ауданын кішірейтеді.
Науқастың тыныс алуы қиындап және зақымданған жақта кеуде тұсы ауыра бастайды, ентікпе пайда болып, дами түседі
Денедегі оттегінің мөлшері төмендейді. Осыған байланысты ұзақ оттегі терапиясын жүргізу қажеттілігі туындайды.
— Сәуле Лаиковна, кәдімгі пневмония мен қазіргі коронавирустың себебінен пайда болған вирустық пневмонияның айырмашылығын түсінідіріп беріңізші. Науқастың өзі алғашқы белгілерін анықтай ала ма?
— COVID-19 — вирустық ауру. Пневмония көбінесе бактериялық қоздырғыштардан туындайды. Яғни пневмококктар, стафилококктар, пневмония клебсиел, гемофильді таяқшалар және басқалардың әсерінен пайда болады.
COVID-19 кезінде өкпенің зақымдануы аурудың нышандары бойынша ғана емес, сонымен қатар морфологиялық табиғатта да сары қақырық шығаратын жөтелге сәйкес келмейді.
Өкпеде КВИ кезінде көптеген микро- және макротромбтардың салдарынан пайда болатын геморрагиялық синдром анықталады. Нәтижесінде газ алмасу бұзылады және емделушілер ентігу мен тыныс алу жеткіліксіздігінен зардап шегеді.
Сондықтан менің ойымша
дұрысы пневмония деп емес, пневмонит типі бойынша коронавирустық зақымдану туралы айтқан жөн
Өкпенің коронавирустық зақымдануының алғашқы белгілері — құрғақ жөтелдің пайда болуы, кейде аздаған шырышты қақырықтың бөлінуі, жауырынның, төс пен арқаның ауырсынуы.
— Кімдер коронавирус пен екіжақты пневмонияның қауіпті аймағында болуы мүмкін?
— Қауіп-қатер тобында темекі шегушілер, 65 жастан асқан, қан қысымы жоғары, СОӨА, қант диабеті және артық салмағы бар адамдар. Олардың ауруы ауыр түрде өтуі мүмкін.
Бұдан басқа, шамадан тыс жүктемелермен және нормаланбаған жұмыс күнімен авральді режимде жұмыс істейтін адамдарға да қауіп төнеді. КВИ-ден қайтыс болған әкімдерді, санитарлық қызмет басшыларын, дәрігерлер мен бас дәрігерлерді еске түсіріңіз. Олардың барлығын жоғары қауіп-қатер жоғары тобына жатқызуға болады.
Күйзеліс COVID-19 ауруын асқындырып жіберуі мүмкін
Аталған топтағы пациенттерге, сондай-ақ жүкті әйелдерге стационарлық емдеу қажет. Иммундық жүйе әлсіз болса вирус қанға таралып, жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің, респираторлық дисстресс синдромының тез дамуы байқалады, бұндай жағдайда емдеуді немесе реанимациялық көмекті өзгерту қажет болуы мүмкін. Ал оны стационарда ғана жүргізуге болады..
— Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартқаннан кейін, олар қайтыс болған оқиғалар белгілі. Жедел жәрдем дәрігерлері аурудың асқыну деңгейін қалай анықтайды?
— Жедел жәрдем қызметкерлерінде пульсоксиметрлер – оттегінің сатурациясын өлшеуге арналған портативті құралдар болады.
Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 95%-дан жоғары болуы керек
SpO2 көрсеткіші төмендеп, 5 күн бойы қызуы көтеріліп (температура 38,5 С жоғары), ентігу айқын байқалса және өкпенің зақымдалу 50%-дан жоғары екенін растайтын КҚМ КТ болса науқас ауруханаға жатқызылады.
— Аурудан кейін өкпенің қайта келуі мүмкін бе? Емдеу аяқталғаннан кейін тағы бір мәрте КТ жасау қажет пе?
— Жағдайлары жеңіл және орташа ауыр науқастардың 80%-ның біртіндеп сауыға бастайтыны байқалады. Ауру басталғаннан бастап 14 күннен кейін коронавирусқа қарсы антиденелер мен иммунитет қалыптасады.
Компьютерлік томографияны сауыққаннан кейін 3 айдан өткен соң ғана жасау ұсынылады
Бұдан ерте мерзімде өзгерістер анықталмайды. Адамдар тек қосымша сәулелік жүктеме алады.
— Өзін-өзі емдеудің, соның ішінде дәлелденбеген медицина құралдарын пайдаланудың қауіптілігі неде? Коронавирусты емдеудегі антибиотиктердің рөлі туралы қандай пікір білдіресіз?
— Антибиотиктер вирустарға әсер етпейді! Бұл өте ауыр препараттар және дәріханаларда антибиотиктерді рецептсіз еркін сату оларды өз бетімен қабылдайтын адамдарға қауіпті болуы мүмкін.
Біз
азитромицин, цефтриаксон және ең қауіпті, левофлоксацинді (резервтегі антибиотик) емделушілер қанша пайдаланса да әсері жоқ екенін көріп отырмыз
Әсері болмайды, оны күтудің қажеті жоқ.
Дәрігерлер КВИ патогенетикалық терапиясының тәсілдерін (аурудың даму механизмдеріне әсер ету) өзгертті.
Бұл қанның қоюлануына, тромбтардың пайда болуына, иммундық қабынудың белсенділігінің төмендеуіне кедергі келтіретін препараттарды тағайындау және олар тиімді нәтиже береді
COVID-19 дене қызуының көтерілуі, қан қоюлануы, ағзадағы иммундық бұзылулар секілді белгілер арқылы көрінетін вирусты ауру болғандықтан қызуды түсіретін, антикоагулянтты, иммуносупрессивті заттар көбірек қолданылады.
— Аурудың алдын алу немесе емдеуден кейін қайта қалпына келу үшін қандай тыныс алу жаттығуларын жасауға болады? Сауыққан адам қанша уақыт бойы өзін-өзі оқшаулау керек?
—Аурудың басынан бастап дене температурасын қалыпқа келген кезде күніне кемінде 3 рет 20 минуттан тыныс алу гимнастикасымен айналысу керек.
Өкпені тыныс алуға мәжбүрлеңіз. Терең тыныс алып, сәл кідіріс жасап, баяу дем шығару көмектеседі. Етбетімен жату өкпенің аэрациясын жеңілдетеді, олардың көпшілігі арқа жақта орналасқан. Сондықтан бір жастықты кеудеге, екіншісін жамбас сүйегінің астына қойып, ішіміз иіліп тұратындай қалыпта жатуға кеңес береміз. Күніне 1 сағаттан 5-8 сағатқа дейін және түнгі уақытта осындай қалыпта жатуға болады
— Мессенджерлерде халық емшілерінің кеңестері бар ақпараттар толып жүр. Олардың қайсысын пайдалануға болады?
— Адамдар ақпараттың жетіспегендіктен әлеуметтік желілердегі КВИ-ді емдеу бойынша «кеңестерге» жүгінуге мәжбүр. Олардың пайдалығын тесеріп, саралап қарауды ұсынамын.
Дексаметазон, клексан және басқа да дәрілік заттарды тек дәрігерлер ғана тағайындайды. Әлеуметтік желілеріндегі блогерлер жарнамалап жүрген Канадада тыйым салынған Бад және қытай шайын ішу қауіпті. Осы кеңестердің көпшілігі науқастың жағдайын асқындырып, қан кетуіне әкелуі мүмкін. Ең бастысы уақытты босқа өткізбей, дәрігерлер ұсынған емдеуді бастау керек!
Емдік шөптердің тұнбасын емдеу және сауығу кезінде белгілі бір уақыт бойы ішуге болады. Таза ауа, жанама күн сәулесі, оптимизм, өзіне деген сенім – мұның бәрі де тезірек емделуге ықпал етеді.
Кез келген жағдайда дұрыс ем-дом шараларын дәлелді базасы бар және барлық халықаралық дәрігерлік қауымдастықтарда өзінің тиімділігін көрсеткен құралдарға сүйеніп дәрігер ғана тағайындай алады!
Деніңіз сау болсын және өзіңізді қорғаңыз!