Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу үшін 8 млрд АҚШ доллары да жеткіліксіз болуы мүмкін – ДДҰ басшысы

181
ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом. сурет: Salvatore Di Nolfi Гебреесус

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік Кеңесінде өткен арнайы брифинг коронавирус және жалпы әлемдегі жағдай туралы жаңартылған ақпаратқа арналды. ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебреесус үміт отын жақты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта вакциналардың жүзге жуық түрі әзірленуде және олардың бірнешеуі жақсы нәтиже көрсетті.

«Біз қолда бар бірнеше вакциналарға қараймыз. Әлеуеті жоғарыларымен жұмысты жеделдетуге ниеттіміз», — деді ол.

Сонымен қатар, ДДҰ басшысы осыдан бір апта бұрын 40 елдің көшбасшысы, түрлі ұйымдар мен банктер уәде еткен $8 млрд пайдаланылатынын атап өтті. Бірақ вакцина әзірлеуді жеделдету үшін қосымша қаржы қажет. Сондай-ақ

барлығына жететіндей, ешкімді бөліп-жармайтындай көлемде әзірлеу үшін қосымша қаржы керек»

Тедрос ең жақсы вакцина шығаратындарды атаған жоқ, олардың жалпы саны  «жеті-сегіз» деп шектелді. Сондай-ақ, ол вакциналарды әзірлеумен және диагностикалаумен айналысатын 400-ден астам ғалымнан тұратын консорциум бар екенін хабарлады.

ДДҰ басшысы COVID-19 «өте жұқпалы және өлімге де алып келуі мүмкін» екенін атап өтті. Оның айтуынша, Батыс Еуропада жаңа жағдайлар азайғанмен, Шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Жерорта теңізі және басқа да өңірлерде вирус өрши түсті.

Басымдылықты өзгерту керек

Тедрос «пандемия бізге үлкен сабақ болды» деді. Ең бастысы — күшті ұлттық және өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің болуы маңызды.

Ол атап өткендей, COVID-19 реакциясы жалғасып жатқандықтан, ел үкіметтері салауатты, қауіпсіз және әділ әлемге бет бұруы тиіс.

«Жыл сайын әлем денсаулық сақтауға шамамен 7,5 трлн доллар жұмсайды, бұл әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ын құрайды. Алайда инвестиция денсаулықты нығайтуға және алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде алдын алуға бағытталуы керек. Бұл адамдардың өмірін сақтап, ақшаны үнемдейді»,— деді Тедрос.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Амина Мұхаммед кедей елдердің берешектерін жеңілдетудің жаңа бағдарламасын әзірлеуге шақырды. Бұл олардың экономикасын қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ  әйелдерге ерекше назар аударуды сұрады.

Жаппай жұмысссыздық қауіпі

Халықаралық еңбек ұйымының басшысы Гай Райдер БҰҰ агенттігінің бағалауы бойынша, осы жылдың екінші тоқсанында бүкіл әлемде шамамен 305 млн жұмыс орны жабылады.

Салыстыратын болсақ,  2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы 22 млн адамды жұмыссыз қалдырды.

«Сондықтан қазіргі жағдайдың әлдеқайда нашар екенін көріп отырмыз»

Оның айтуынша, пандемияның алғашқы айында экономиканы бұғаттап, тоқтатты.

«орта есеппен адамдар өз табыстарының 60%-ын, жұмыстан түскен табысынан айырылып қалды»

Олар ресурстары шектеулі және әлеуметтік қорғау жүйелері әлсіз елдерде шоғырланған.

Райдермұқтаждарға көмектесу үшін халықаралық ынтымақтастыққа шақырды. Кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қолдау, жұмыс орындарын сақтау, кәсіпорындар мен елдер экономикасы арасындағы байланысты қолдау бойынша күш-жігерді жандандыру керек дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз