Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Коронавирус жайлы бәрі білуге тиіс деректер

7081
Сурет: Shutterstock

Коронавирус инфекциясы дегеніміз не?

  • коронавирус – бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі,
  • жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе, қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін,
  • 2019 жылы Қытайда, Ухань провинциясында анықталды,
  • вирустың басқа елдерге сапар немесе саяхат шеккенде таралады,
  • вирус жылдам тарайды,
  • 27 елде коронавирус жұқтырған 20 630 оқиға тіркелген, оның 427-і өліммен аяқталған. Бұлардың басым бөлігі Қытайда орын алған,
  • ҚХР-да 5974 оқиға тіркелген,
  • Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынған,
  • автобус, поездардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирустың белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі,
  • тұмау,
  • бас ауруы,
  • жөтел,
  • тамақ ауруы,
  • әлсіздік,
  • іш өту,
  • иммундық жүйесі әлсіз әрі төмен адамдарда жиі кездеседі, сәбилер мен қарттар да сырқатқа ұшырауы мүмкін.

Инкубациялық кезең – 2 күннен 14 күнге дейін.

Диагностика

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест-жүйелері қолданылуда. Ол үшін:

  • қанның анализі,
  • несеп анализі,
  • зертханалық зерттеулер,
  • ПТР тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Инфекцияның берілу жолдары:

  • көбінесе ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады,
  • тұрмыстық байланыс арқылы -бұл жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу.

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактикалық шаралар:

  • қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотониялық ерітіндімен жуу,
  • иммунитетті көтеру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу,
  • бөлмені желдету,
  • жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту,
  • катаралдық құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау,
  • коронавирус жағдайлары тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау,
  • адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз