Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
22
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Коронавирус шабуылдауда: вирус жұқтырғандардың саны артып, емделіп шыққандардың саны күрт төмендеді

177
Сурет: polese.by

20-28 маусым аралығында Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 424 жағдай ресми түрде тіркелді. Осы кезеңде Нұр-Сұлтан (596) мен Қарағанды облысында (441) оңтүстік астанаға қарағанда көбірек науқас анықталды.

26 маусымда оңтүстік мегаполисте 73 жұқтыру тіркелді – бұл 30 мамырдан бері тіркелген (117) ең жоғары мән. Бұдан басқа, соңғы 9 күн ішінде 453 адам симптомсыз тасымалдаушы болып танылды, яғни олардан коронавирус анықталғанымен,  ресми статистикаға енгізілген жоқ.

Карантин кезіндегі дәрігерлердің жұмысына деген наразылық жағдайды қиындатуы мүмкін — сарапшы

Емделіп шыққандардың саны күн санап азайып келеді. 20 және 28 маусым аралығында Алматыда тек 13 адам ғана сауығып шыққан.

Ал маусымның 21 мен 23 аралығында ешкімнің жағдайы жақсармаған. Бұл уақытта қалада 6 адам қайтыс болды. Нәтижесінде

Қазақстанның ең ірі қаласында статистика көңіл қуантарлық емес, жазылып шыққан әр екі адамға қаза болған бір адам келеді

Емделіп шыққандардың саны азаюда

Дегенмен, сауығу қарқыны Алматыда ғана төмендеген жоқ. 28 маусым күні бес өңірде ауруханадан бірде-бір адам шығарылмаған. Бұл ретте:

  • Алматы облысы – қатарынан екінші күн
  • Шымкент – 16 маусымнан бастап алғаш рет
  • Ақмола облысы – қатарынан үшінші күн
  • Солтүстік Қазақстан облысы – қатарынан алтыншы күн
  • Нұр-Сұлтан – 14 маусымнан бастап алғаш рет.

Ресми деректер бойынша, осы аймақтарда 2 617 белсенді жұқтырғандар  (сауықпаған және қаза болмаған) және тағы да 5,3 мыңнан астам нышансыз тасымалдаушылар тіркелген.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер де төмен: Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында бір тәуліктің ішінде үш-үш адамнан, Маңғыстау облысында – 4 адам жазылып шыққан.

Жалпы республика бойынша 27 маусымда сауығып кеткендердің саны 190 адамды, 28 маусымда – 195 адамды құрады.  1 маусымнан бастап алғаш рет екі күн қатарынан шығарылған пациенттердің жалпы саны 200 адамға жетпейді.

Ауру белгілері бар науқастардың саны артуда

Соңғы үш күннің ішінде сауығып шыққандарға қарағанда ауру жұқтырғандардың өсімі жоғары, орта есепппен 2,6%, бұрын 1,9% болған еді.

26 маусымда тәулік ішінде анықталған вирус жұқтырғандар саны бойынша кезекті рекорд орнатылды – 569 адам (сондай-ақ 988 жаңа нышансыз тасымалдаушылар тағы бар). Өткен аптада сырқаттанғандардың жалпы саны 20%-ға артты (3,6 мың адам). Бүгінгі күні республикада 21 327 COVID-19 оқиғасы анықталды.

Оның ішінде 8 216 адам әлі де аурып жатыр (емделмеген, қайтыс болмаған). Бір апта ішінде олардың саны 22,5%-ға өсті, ал ағымдағы көрсеткіш абсолютті рекорд.

Өсу жалғасуда: 10 маусымнан бастап бір тәулікте емделіп шыққан науқастардың саны вирус жұқтырғандарға қарағанда төмен.

Ресми статистикаға енгізілмеген нышансыз тасымалдаушылар туралы да ұмытпау керек. Тек соңғы жеті күнде олардың саны 6 830 адамға немесе 70%-ға өсті.

Республикада COVID-19 диагнозы қойылған 16,6 мыңнан астам адам бар. Алты өңірдегі нышансыз тасымалдаушылардың саны (6 маусымнан бастап жеке статистикаға шығарылған) ресми тіркелген, коронавирусты жұқтырған адамдардың санынан асып түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз