Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Коронавирус пен карантин жемқорлықтың өршуіне себеп болды — сарапшылар

311
ШОБ субъектілері жұмыстарына оралу үшін көптеген санитарлық талапты орындауы керек. карантинге дейін ШОБ-ға сирек тексеру жүргізілетін, алайда қазіргі жағдайдағы қажеттілік жаңа мүмкіндіктерге  жол ашуда.

Шаш ал десе, бас алу

Экономист Рүстем Жансеитовтың айтуынша, карантин шектеулерін жеңілдеткеннен кейін әдеттегі жағдай орын алды, жоғарыдағылар бір нәрсені айтады, төмендегілер мүлдем басқаны жасайды.

— Шаш ал десе, бас алады. Орындаушылар берілген нұсқауларды өздерінше түсініп, бизнесмендердің «есін шығара» бастайды. Бұл көп жағдайда сыбайлас жемқорлқ істердің көзіне айналады.

Бизнесменнің барлығы бірдей заң тұрғысынан сауатты емес, сондықтан олар тексерушілермен байланысқысы келмейді, тезірек құтылу үшін «келісуді» ойлайды

«Төмендегілердің» барлығы бірдей сүттен ақ, судан таза емес екенін түсіну керек. Карантинге жабылған Алматыға кіру үшін блокбекеттерде пара алу осы айтылғанның дәлелі, — деп есептейді экономист.

Әділетсіз әдіс

Экономист карантиннен кейін бизнес түрлеріне қойылатын талаптар әртүрлі болды дейді. Бір кәсіпкерлердің санитарлық нормаларды қатаң сақтауын талап етсе, басқаралына сошалықты жіті назар аударылған жоқ.

Рүстем Жансеитов, дереккөзі: Atameken Business Channel

— Таңдау тәсілі қолданылады. Біреуін жауып тастаса, басқаларын қандай да бір санитарлық құралдардың жоқтығын айтып  «қорқытады». Мәселен ірі СОСО-ларды  алып қарайық. Келушілер топ болып бетперде кимей жүрсе де, күзетшілер оған мән бермейтінін бірнеше рет байқадым. Яғни,

бізде ірі бизнеске қол тигізуге болмайды, ал ұсақтарын соққының астына алуға бола ма? Менің ойымша, тәсіл барлығына бірдей болуы керек

Бір дүкенге күзетшінің адамдарды кезекпен кіргізсе, ал жиырма метрдей жердегі осы дүкенге кіретін есіктен адамдардың еш кедергісіз өтіп жатқанын көрдім. Яғни, кейде ақылға сыймайтын әрекеттер орындалады. Бүгінде алдыларына көптеген талаптар қойылған бизнесмендердің алдында бірнеше таңдауы бар:

  • барлық жарлыққа көніп, оларды орындау;
  • барлығының реттелгенін күту,
  • түрлі қоғамдық платформалар арқылы бірігіп, болып жатқан жағдайды жоғары жақтың назарына жеткізу,

— дейді Жансейітов.

Шағын бизнес соққының астында

Алматы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті  Виктор Ямбаев карантиннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратура бизнеске жұмыс істеуге рұқсат беру  сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы себеп болмауы керек деген сенімде.

— Індетпен күрес індеттің өзінен нашар болмауы керек

Түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізген жөн. Жазалау шаралары онсыз да екі ай бойы күйзелісте болған бизнесті қиратуы мүмкін.

Виктор Ямбаев. Сурет:  Atameken.kz

Ал

кейбір шенеуніктердің карантин кезінде сәл-пәл «қарны ашып қалғанын» ескерсек,

қазіргі жағдайда шағын бизнесті «сүйегі шыққанша мүжіп тастай ма» деп қорқамын.

Бизнестен нені күтуге болады?

— ШОБ халықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік қызмет атқарып отыр. Біздің кәсіпкерлеріміз ешқандай да орта тап емес, олар күнкөріс үшін жұмыс істеп жүрген адамдар. Ал

қазір сәл ағаттық жасасың сені не жабады, не «жалмауыз» айыппұл түбіңе жетеді

Күнін әрең көріп жүрген кәсіпкерлерге бұл толық қираумен бірдей, — дейді Ямбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, Алматыға кіре беріс жерде блокбекеттерді алып тастау қылмыстың артуына және сәйкесінше бизнеске жаңа бір қауіптің төнуіне алып келуі мүмкін.

— Тек кәсіпкерлер мен шенеуніктер ғана емес, қарапайым халық та  ашығып қалды

Халықтың наразылығы неге ұласуы мүмкін? Қазір АҚШ-та не болып жатқанын бәріміз бақылап отырмыз, халық дүкендерді тонауда. Әрине, қазір бюджетке түсетін түсім қысқарады. Менің ойымша бюджет ақшасын ұрлауды қатаң тоқтау қойып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін қадағалайтын болсақ, қор табылады. Бұл  қазір онсыз да қиын жағдайда тұрған халықтың соңғы тиынына көз салмауға мүмкіндік береді, — деп түйіндеді Виктор Ямбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз