Жыл басынан бері 3500 қазақстандық коронавирус жұқтырды.
Желтоқсанға қарай жаңа науқастарды тіркеу азайды. Сәйкесінше, COVID-19 вирусын жұқтырып болғандар саны өсті. Мысалы, 25 желтоқсанда аймақтағы дерттен айыққандар саны 819 болса, ертесіне 744 болды.
Тек 2021 жылдың алғашқы 5 күнінде COVID-19-ды 536 адамды жеңді (4 және 5 қаңтарда дәл 100 адамнан). Мұндай қарқын қызық нәтижеге әкелді: статистикаға сүйенсек, халық коронавирусты жұқтырып үлгермей, жазылып жатыр.
1 қаңтардың қорытындысы бойынша аймақта 18 905 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. 18 320 адам ауырып, 314 адам қайтыс болды. Осылайша, “белсенді” науқастардың саны 271 адамды құрады.
Яғни, статистикадан анықталғандай, 5 қаңтарда коронавирус анықталған кем дегенде 11 адам дәл сол күні-ақ вирусты жеңді. Нәтижесінде, 6 қаңтарда аймақта 28 вирус жұқтырған белсенді науқас қалып отыр. Мұндай аз көрсеткіш Қазақстанның бірде-бір өңірінде тіркелмеген.
2021 жылдың алғашқы 5 күнінде Қазақстанда коронавирус жұқтыру жаңа жағдайларының саны 3 571 құрады. Орташа есеппен тәулігіне 714 науқас тіркеледі. Алматыда жағдай нашар. 5 күн ішінде мұнда 512 факт анықталды. Бұл желтоқсан айындағы көрсеткіштен көп (орташа есеппен тәулігіне 76 науқас). Дегенмен әзірге вирус жұқтырғандардың саны 2020 жылдың шілдесіндегі ең жоғары деңгейінен едәуір төмен (рекорд – күніне 282 жаңа жағдай).
Атырау облысында 5 күнде 447 жаңа жағдай тіркелді. Мұндағы вирус эпицентрі – Теңіз. Мысалы, 4 қаңтарда аймақта 149 жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның 144-і кен орнында анықталған. Айта кететін бір жайт, вирус жұқтырғандар саны 2020 жылдың 24 шілдесінен бері болмаған ең жоғарғы көрсеткіш тіркелді (156 факт).
Коронавирус Қазақстанның оңтүстігінде баяу таралып жатыр. 2021 жылдың басынан бастап:
Осылайша, 5 миллионнан астам адам тұратын аймақта барлығы 136 факт анықталды. Бұл Қазақстанның көптеген жекелеген облысындағы көрсеткішке қарағанда айтарлықтай аз.