Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Коронавирус кезеңіндегі сайлау: бізді алда не күтіп тұр?

145
Сурет: AP Photo / Mark Lennihan

Әлеуметтік шиеленіс ішкі саяси жағдайға да әсер етеді, дейді сарапшылар. Бақылаушылар қатты соққыларды күтпесе де, кейбір процестердің белсенділігі артуы мүмкін деп отыр. Мәселен, саясаттанушылардың бір бөлігі мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын — 2020 жылдың соңына дейін өтетініне сенімді. Соңғы уақыттағы Nur Otan-ның белсенділігінің артуы да осы себептен болса керек.

Бірақ басқалары бұл тұжырымға күмәнмен қарайды.

Nur Otan парламенттегі билігін сақтап қала ала ма?

Саясаттанушы Максим Казначеевтің пікірінше

мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын өтеді және олар 2020 жылдың басты саяси оқиғасы болады

—  Бір жарым-екі айдан кейін, Nur Otan-ның праймеризі аяқталғанда  парламенттік сайлау бірден басталуы мүмкін. Яғни, қараша айының соңында-желтоқсан 2020, — деді Казначеев.

Саясаттанушы осы уақытта өткізген қолайлы болады деді. Себебі

сыртқы ойыншылар назарын американдық сайлауға аударады,

ал басқалардың қызығушылығы төмен болады.

Сонымен бірге, Казначеев алдағы сайлаудан ешқандай резонанстық жаңалықтар күтпейді. Ол транзиттік кезеңде қандай ішкі топтар артықшылыққа ие болғанын бағалайтын кейбір мамандарға ғана қызықты.

— Сенаттағы сайлауда элитадағы ықпал ету салаларының өзіндік көрінісі белгілі болады. Партиялардың сайлау тізімдерін қарап, қандай ойыншылар өз кандидаттарын өткізе алатындығын көреміз. Бірақ таңғаларлық ештеңе болмайды, — дейді сарапшы.

Сондай-ақ, Казначеев парламенттен тыс партиялар Nur Otan-нан үлгі алып, өздерінің праймеризін құрмайтынына сенімді. Оларға бұның керегі де жоқ.

Дегенмен, саясаттанушы нәтижелерге болжам жасауға асығар емес, белгісіз мәселелер тым көп дейді. Алайда Nur Otan-ның үлесі кенеттен үштен екіге дейін төмендесе, бұл тағы бір партияға (тіпті екі) 7%-дық кедергіден өтуге мүмкіндік береді.

— Nur Otan-ның үлесінің төмендеуі парламентті бақылау деңгейінің төмендеуіне әкеледі

Бұлай бола ма, жоқ па, әзірге біле алмаймыз, — деді Казначеев.

Сонымен қатар, ол қысқа қарай әлеуметтік шиеленіс артуы мүмкін екенін атап өтті.

— Дағдарыс аяқталған жоқ. Карантин шараларын толығымен алып тастайтынына да кепілдік жоқ. Бұл ШОБ-ке де, жалпы жұмыспен қамтуға да әсер етеді. Тиісінше, халықтың табысы да оған байланысты болады, —деп атап өтті сарапшы.

Біздің өз шындығымыз бар

Саясаттанушы Юрий Булуктаев мерзімінен бұрын парламенттік сайлау болады деп күтпейтінін айтты. Оның ойынша, бұған еш негіз жоқ.

— Қазақстандық шындық пен саяси шындықты бағалайтын болсақ, сыртқы араласу Украинадағы сияқты күшті болуы мүмкін деп айта алмаймыз. Онда

барлық майдан қозғалыстарын негізінен жергілікті олигархат ұйымдастырды

2004 жылы олар миллионерлер миллионерлерге, ал соңғы майдан кезінде миллиардерлер миллионерлерге қарсы шықты деп жазды, —деді ол.

Булуктаев сондай-ақ, «мәселе араласуда емес, электораттың оған мойынсұнуға дайын болуында» екенін атап өтті. Біздің елдегі жағдай мүлдем басқа. Әрине, мұнда шетелдік гранттарға жұмыс істейтін түрлі ҮЕҰ-лар бар. Бірақ олардың әсері өте аз.

Саясаткерлер ұйықтамауы керек

Оның ойынша, жалпы жаңа саяси маусым өте тыныш өтеді. Қазір тек Nur Otan ғана белсенді жұмысқа кірісті. Осы себепті де кейбір бақылаушылар мерзімінен бұрын сайлау болады деген қорытындыға келсе керек.

Қазіргі партиялардың ғана мәжіліске өту мүмкіндігі жоғары.  Яғни, Nur Otan, «Ақ жол» және ҚКХП.

— Мен тіпті ҚКХП-ны екінші орынға қоятын едім. Әлеуметтік желілердегі белсенділігіне талдау жасасақ, олардың электоратпен жақсы жұмыс істейтінін көреміз. Басқа партиялар туралы анда-санда ғана естиміз.  Ал «Бірлік» мүлдем көрінбейді.

Бұл партиялардың басшылығы сайлау аяқтала сала келесісіне бірден дайындықты бастау керек екенін түсінбейді

Сайлау кезеңі аяқтала сала барлығы бірден ұйқыға кіріседі, — деді Булуктаев.

Сол себепті партиялар өздерінің праймериздерін өткізбейді. Кейбіреуінде осындай маңызды іс-шара өткізетін ресурс жоқ та шығар, бірақ «Ақ жол»-да мүмкіндіктің бәрі бар. Шамасы, ниеті жоқ.

Булуктаев  ЖӘДП ғана шынайы оппозиялық партия бола алатынын атап өтті. Бірақ оның көптеген ішкі проблемалары бар.Сол себепті де  оның 7%-дық кедергіні жеңуге мүмкіндігі жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз