Нұр-Сұлтан
Қазір
33
Ертең
35
USD
449
+0.81
EUR
480
-2.49
RUB
5.52
-0.02

Коронавирус эпидемиясының өршуіне байланысты Қырғызстан президентінің атына талап арыз жазылды

149
С. Жээнбеков. Сурет: Sputnik / Табылды Кадырбеков

«13 шілдеде азаматша Раушан Айткуловадан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді елдегі эпидемиологиялық жағдай мен өлім-жітім көрсеткішінің артқаны үшін жауапкершілікке тарту туралы арыз келіп түсті. Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелген», — делінген республиканың Бас прокуратурасының хабарламасында. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Бұған дейін журналист және «Фатиха» қорының төрайымы Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде ел президентін қылмыстық жауапкершілікке тарту керегін айтып, импичмент жариялау туралы петицияға қол жинады. Оның айтуынша, петицияға 2,5 мыңнан астам азамат қол қойған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 11,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, 149 адам инфекциядан қайтыс болды, 4 995 адам емделіп шықты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз