Тоқтар Төлешовтің тәркіленген бір коттеджін қайта жөндеуге бюджеттен 30 млн теңге бөлінуі қажет. Себебі әкімшілік қарауына өткен ғимарат күннен-күнге ескіріп бара жатыр екен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Тоқтар Төлешовтің бір үйі қазір көркем сурет мектебі болып тұр. Онда 500-ге жуық бала өнердің жеті түрін меңгеріп жүр екен.
Ал, олигархтың екінші коттеджінің қараусыз бос тұрғанына біраз уақыттың жүзі болыпты. Ол ғимарат та көркем сурет мектебіне берілгенімен,коттеджді қайта жөндеуге бюджеттен 30 млн теңге қажет екен.
Тоқтар Төлешовтің аталған үйі сарайға ұқсас. Онда өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері мен сарқырама, қымбат жиһаздар да бар болып шыққан. Ең қызығы, үйдегі барлық қызмет тек пультпен басқарылыпты.
Қазір Тоқтар Төлешов Шымкенттегі түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатыр. Ал оның жанұясы қайда тұрып жатқаны белгісіз.
Дереккөз:nur.kz