Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Көргені жоқшылық пен қатігездік. Бала Путин бандит болған екен

189

Путин туып-өскен үй осы. Санкт-Петербор. © Daily Mirror

Басылымның тілшісі Санкт-Петерборға арнайы барып, бала Путин тұрған ескі үйді тауыпты. Сол жерде баяғыда Путиндер отбасын көрген көнекөз көрші-қолаңдарды да іздеп тапқан екен.

Басылым балалық шағын осы сұр аулаларда өткізген бала Путин өмір мектебінен өткен. Ол тым қатігез мектеп еді, күштілердің ғана өмір сүретінін болашақ президентке жақсы ұқтырған. Осындай ортада өскен баланың бойында бұл өмірде менің қолымнан бәрі келеді деген сенім пайда болған“, – деген Путиннің балалық шақтағы досының сөзін келтіріпті.

Бала Путин. © Getty Images

Газеттің дерегінше, Путиннің балалық шағы таза кедейлікте өткен. Путин нағыз «шпана» болып, өзі сияқты басқа «шпаналармен» жағаласып өткен. Оның отбасы тұрған коммуналка-пәтердің ішінде егеуқұйрық өріп жүретін. Путиннің үйдегі міндеті сол егеуқұйрықтарды өлтіру болған. Бірде бала Путинді бір егеуқұйрықты бұрышқа тығып, тар қыспаққа алғанда, шарасыз егеуқұйрық оның өзіне тап беріп, тістеп алыпты. Содан кейін Путин өз достарына жаралы, шарасыз тіршілік иесін бұрышқа тықпа, деген ақыл айтып жүрді“, – дейді Путиннің ескі досы.

 

Мектеп жасындағы Путин. © Reuters

№ 93 мектеп. Путин осы мектепті бітірген. © Daily Mirror

Жасөспірім шағында Володя Путин аула балаларынан құрылған банданың белді мүшесі болыпты, бірақ банданың серкесі сотталғаннан кейін Путин қылмысты қойып, спортпен айналысуға бет бұрған. Алдымен бокспен айналысып, кейін дзюдоға ауысыпты. 18 жасында дзюдодан қала чемпионы атанды.

Берлин қақпасы құлаған кезде Путин өзінің карьерасын аяқталдыға жорып, ары қарай таксист болуды жоспарлаған екен. Сол кезде Путин 40 жаста, КГБ резидентурасында қызмет етіп жүрген еді.

Бірақ ол көп ұзамай жоғары шенді саясаткерлермен танысып алып, қызмет сатысымен жоғары көтеріле берді.

 

Владимир Путин мектепте. 1966 жыл, Санкт-Петербор. © Getty Images

Путиннің әке-шешесі. © Getty Images

Владимир Путин – өзінің табиғи қулығын өте ұтымды пайдалана алатын адам. Соның арқасында ол 10 жылдан кейін Ресей президенті атанды“, – деп жазады басылым.

Шынында да, қазір Владимир Путин әлемдегі ең бай, әрі ең ықпалды адамдарды бірі.

Путиннің Қара теңіз жағасындағы сарайы. © Getty Images

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз