Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Көргенде ішім ашиды”. Нұрлан Албан кей әншілерді сынап тастады

Еліміздегі тойларда алыс – жақын шетелдік әншілерді шақырып жататыны жасырын емес. Бір әттеген -айы сол шетелден келіп жатқан әншінің сыйақысы қаншалықты жоғары деңгейде? Шынтуайтына келгенде сол ақшаны бізге жол бастап жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз бен апаларымызға  бөліп берсе ешкімнің мұрны пұшық болмайтын еді. Егер де менің ақшам көп болса, мен міндетті түрде жалынып -жалпайып тегін емес,  миллион, миллиард беріп Бибігүл Төлегенова апамызды тойға шақыратын едім. Қаражатым көп болса “Дос- Мұқасан”, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғанлиев ағаларымызды сыйақысын беріп тұрып, қалдырмас едім”,- дейді әнші.

Еліміздегі сұранысқа ие асабалардың біріне айналған “Үркер” тобының әншісі алдыңғы буын аға -апаларының шетелдіктерді өнер жағынан жолда қалдырып кететінін айтты.

“Кей тойларды көргенде іш ашитыны жасырын емес. Өйткені жеме -жемге келгенде сол шетелдік әнші мен біздің тұлға аға-апаларымызды қойыңызшы, сол күні кеше шыққан шетелдік әншіні ауызға екі орамаса, кемшіл тұсы жоқ. Әрине ол заманның талабы, адамның сұранысы, той иесінің қалауы шығар. Оған бола ешкімге өкпе – наз айтқым келмейді, десек те кішігірім сондай олқылық бары рас”,- деп ағынан жарылды ол.

Дереккөз: Nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз