Дағыстанда күрестен өткен турнирде жанкүйерлер арасында жаппай төбелес болды деп жазады “Регион online” порталы.
Жарыс жергілікті спорт мектебінде өтіп жатты. Бір жекпе-жек аяқталғаннан кейін көрермендер рингке шығып кетті. Олар жанжалдасып артынша төбелесті. Төбелес салдарынан ешкім зардап шекпеген.
https://youtu.be/i0uX_qIthLQ
Басылым мәліметінше, осы оқиға екі аптадаға үшінші жанжал екен. Бірінші рет Дағыстанда аралас жекпе-жек бойынша жергілікті жұртшылыққа танымал Fight Nights клубының Владимир Минеев пен Азиз Джуманиязов арасында өткен кездесуде жаппай төбелес болған. Екінші жанжал Ингушетияда болды, ол кезде дағыстандық жанкүйерлер өз спортшылары қолдауға барған.