Қазақстандың Желіде талайлардың талқылауына іліккен, Әли мен Ақеркенің оқиғасы тоймен аяқталды.
Әли мен Ақерке желіде екеуіне қатысты сансыз талқылаулар мен суреттердің жарияланғанына қарамастан, осы уақытқа дейін қарым-қатынастарын жасырып келді. Олардың үйленгендері туралы ақпарат Instagram желісіндегі revuenews парақшасында жарияланды.
Ұзатудың Атырауда, тек жақындарының арасында ғана өткенін хабараланды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Ақерке саусағындағы сақинасын көрсетіп, енді қалыңдық атанғанын айтқан еді. Қазнеттің қолданушылары оған ұсыныс жасаған Әли Оқапов болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.