Қалың көрерменнің көзайымына айналған үнді актрисасы Авика Гор тағы да Қазақстанға келетін болды.
Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлады.
“Келін” телехикаясында Анандидің кішкентай кезін сомдаған актриса елімізге 9 сәуір күні табан тірейді. Ол Алматы қаласындағы “Grand Ballroom” мейрамханасында жанкүйерлерімен кездесіп сұхбаттаспақ.
Есте болса, Авика бұған дейін де Қазақстанға келген болатын. Ол 2014 жылы “Қазақстан” арнасының бірнеше бағдарламасына қатысқан еді.