Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көп ұзамай Қазақстаннан еңбек мигранттарының ағыны артуы мүмкін – сарапшылар

Қазір ЕАЭО еңбек нарығында бір симбиоз қалыптасты. Ресей жұмыс күшін импорттайды, Орталық Азия елдері экспорттайды. Ал Қазақстан орта тұсында. Жұмыс істеуге баратыны да бар, бізге келетінін де бар.

Алайда сарапшылар болашақта картинаның өзгеруі мүмкін екенін және қазақстандықтардың көбі шетелге табыс табуға кететінін ескертеді. Мұның қаншалықты жақсы немесе жаман екендігі туралы бірыңғай пікір жоқ. Кейбіреулер еңбек көші-қонының өсуінде тұрған жақсы ештеңе жоқ дейді, ал басқалары бұл пікірді жалған деп санайды.

“Еуразияның еңбек нарығы: интеграцияның демографиялық трендтері” дөңгелек үстеліне қатысушылар болып жатқан жағдайға өз бағаларын беруге тырысты.

Соңы. Бірінші бөлімді де оқыңыз.

Көбісі шетелге жұмысқа барғысы келмейді, бірақ елден жұмыс таба алмайды

Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Рустам Бурнашев Қазақстанда халық санына қатысты кем дегенде екі жаһандық миф бар екенін айтты.

Бірінші миф, оның пікірінше, елде адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бурнашев бұл идеяны растайтын дәлелдер еш жерде жоқ екенін айтты.

Керісінше, халықтың көптігінен зардап шегетін және оның өсуін шектеуге тырысатын елдер бар

Сарапшы Қытай немесе Өзбекстанды мысалға келтірді.

– Халықтың өсуі айтарлықтай күрделі проблемаларға, айталық, әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігіне алып келеді. Иә, Қазақстанда 50 млн адам өмір сүре алады, бірақ демографиялық өсумен қатар белгілі бір жағдайлар дамып отырса ғана. Бірақ бұл үшін ресурстар жеткілікті ме? Адамдар, әрине, өмір сүреді, бірақ қандай жағдайда және қандай сапада? — деп мәлімдеді ол.

Бурнашев “таза қазақстандық” деп атаған екінші мифте еңбек көші-қоны жаман деп айтылған.

– Елде біз еңбек мигранттарын экспорттамайтынымызды мақтан тұтатын, бірақ бұның жалған екені айқын болатын. Содан кейін қазақстандықтар тек дамыған елдерге,

мысалы, Оңтүстік Кореяға немесе Еуропа мен Солтүстік Америкаға жалақысы жоғары жұмысқа барады деген пікір айтылды

Бірақ мүлдем олай емес. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, Ресейде Қазақстаннан келген еңбек мигранттары көп. Олар қырғыздар, өзбектер және тәжіктер істеген сияқты жұмыстарды істейді. Мүмкін, олардың жағдайы нашар шығар, өйткені әлеуметтік құрылым, оларды қолдайтын жақсы жерлестері жоқ. Еңбек мигранттары ретінде олар аз байқалады. Өзбектер, қырғыздар, тәжіктер Мәскеуде, Санкт-Петербургте, басқа да ірі қалаларда шоғырланған, олар айқын байқалады — деп түсіндірді Бурнашев.

Бұл миф (және басқа да факторлар) адамдардың шетелге жұмысқа барғысы келмеуіне әкеледі. Нәтижесінде әлеуметтік жүйеге жүктеме айтарлықтай артады.

– Өз елінде лайықты ақы төленетін жұмыс таппай басқа жаққа табыс табуға барғандар табылған жұмысты істеуге мәжбүр болады. Қазақстанның базарларында арба сүйрейтіндер мен Ресейдегі құрылыстарда жұмыс істейтіндердің табыстарын есептеп және салыстырып көру қызық болар еді, – деп түйіндеді Бурнашев.

Артық адамдар кімдер?

Экономист Айдархан Құсайынов ЕАЭО аясындағы ортақ еңбек нарығы идеясы пайдалы әрі ыңғайлы деп санайды. Ресейге жұмыс қолдары қажет, ал Орталық Азияда олар артық мөлшерде. Қазақстан әзірше жұмыс күшін импорттаушы болып табылады, бірақ Құсайынов уақыт өте келе біз “шын мәнінде артық адамдардың үлкен ағымына” тап боламыз деп есептейді.

Бірақ сарапшының пікірінше,

экспорттаушылар үшін бұл қарқын жақсы емес

– Принципң қарапайым: еңбек мигранттары ақша табуға келеді. Макроэкономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, олар қалай табады? Оның ішінде тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде. Содан кейін дайын өнім мигранттар келген елдерге жеткізіледі, олар үшін Ресей негізгі жеткізушілердің бірі болып табылады.

Демек, Орталық Азия Ресей аумағында қосымша құн құрайтын адамдарын экспорттайды

Егер бұл қиындық болып саналса және оны шешкісі келсе, онда аймақ елдері өздерінің ішкі экономикалық саясатын өзгертуі керек. Бірақ мұндай тәсілді түсінбейді немесе оны қолдануға мүмкіндік жоқ”, — деді ол.

Құсайынов Ресей қазір Сібірді дамытуға ниетті екенін, бұл еңбек ресурстарын қажет ететінін айтты. Және жоғары білікті болуы міндетті емес.

– Уақыт өте келе Қазақстан үшін бұл білім беру, жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелердегі әлеуметтік жүктемені төмендету мүмкіндігі: Яғни жұмыс күшін экспортқа жіберу. Біз психологияны өзгертуіміз керек, бірақ біздің отандастарымыздың келімсек жұмыскер ретінде кететінін мойындау өте ауыр”, — деді ол.

Мәселені драматизациялаудың қажеті жоқ

Саясаттанушы Асқар Нұрша Ауғанстаннан қуатты көші-қон ағыны басталғанын еске салды. Бірақ Орталық Азияда көп босқындарды қабылдауға ешкім дайын емес. Үшінші елдерге транзитті қамтамасыз етпесе.

— Бұл жерде мәселе ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда ғана емес, бейтаныс адамдарға деген белгілі бір сенімсіздікте, олармен мәдени үйлесімділікке күмәндануда. Бұл ретте Орталық Азия мен Кавказдан келген мигранттарды ТМД-ның еуропалық бөлігінде қабылдайды, өйткені олар бұрынғы КСРО-ның үйлесімді, түсінісуге болатын елдері. Бірақ бұл қанша уақытқа созылады? Ресей ислам факторы өсетінінен қауіптеніп, дабыл қағып жатқаны кездейсоқ емес. Уақыт өте келе

Орталық Азиядан келетін мигранттарды қабылдауға дайындық күрт төмендеуі мүмкін,

– деді Нұрша.

Саясаттанушы болашақта Орталық Азия елдеріне еңбек нарығында айтарлықтай бәсекелесуге тура келетінін айтты. Бұл ретте тек бір-бірімен ғана емес, сонымен бірге Армениямен, Беларусьпен, Украинамен және т.б. Сондықтан аймақ тұрғындары өз біліктіліктерін арттыруы керек, әйтпесе олардың бәсекеге қабілеттілігі төмендейді.

Сондай-ақ, сарапшы егер елден шетелге баратын мигранттар көбейсе,

бұл жақсы нәрсе емес, өйткені ол оның даму деңгейін көрсетеді

Бірақ мәселені драматизациялау да қажет емес.

— Бүгінде көптеген адамдар халық санының өскеніне алаңдайды, олар адамдарға жұмысты қайдан табамыз, халық саны көп қалаларда көші-қон қиындығы болмай ма? Бірақ әлем бір орында тұрмайды, ол дамып келеді. Бізді көші-қон мәселелерін шешудің мүлде жаңа жолдары күтіп тұр, – деп есептейді Нұрша.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз